Адамдардың әлеуметтік желіге тәуелді болу себептері анықталды
Алдына қойған айқын мақсаты бар, кез келген адаммен тіл табыса білетін адамдар әлеуметтік желілерге тәуелді болатыны анықталды. Американың Нью-Йорк штатындағы Бингемтон университетінің психологтары осындай тоқтамға келді, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі point.md сайтына сілтеме жасап.
Әлеуметтік желіге тәуелді болудың тағы бір себебі – эмоционалды тұрақсыздық. Интернетке тәуелді болу үшін осы қасиеттердің бірі бойыңызда болса болғаны.
Мақсатқа ұмтылғыш адамдар эмоционалды тұрақсыз немесе өз-өзін бағалауы төмен, сондай-ақ тіл табысу қабілеті жоғары болса – әлеуметтік желіге тәуелді болып қалуы әбден мүмкін.
Осы мәселеге қатысты ғылыми жұмыс жазу барысында үш жүз студенттің қатысуымен әлеуметтік сауалнама жүргізілген.
Дереккөз:baq.kz
Comments are closed.