- Advertisement -

Халықтың 56 пайызы газбен қамтылады 

103

- Advertisement -

Baq.kz 2030 жылға дейін ел халқының 56 пайызы газбен қамтылады. Яғни осы уақыт аралығында тағы 3 миллион адам табиғи ресурстың осы түріне қол жеткізе алады. Бұл туралы бүгін Үкіметте Энергетика министрінің орынбасары Мағзұм Мырзағалиев мәлімдеді. Тап қазіргі таңда табиғи газды тұтынатын халық саны 47 пайызға тең. Сәйкесінше ол тек 9 өңірде ғана бар. Енді Солтүстік және Орталық Қазақстанға газ тарту мәселесі басты назарда тұр. Жобаның құны – 370 миллиард теңге. Құбыр келер жылдың соңына дейін тартылып бітуі тиіс. Құрылыс пен оны пайдалану  барысында мыңнан астам жаңа жұмыс орны ашылады деген жоспар бар. Мағзұм Мырзағалиев, ҚР Энергетика министрінің орынбасары: — Көп талқылаудың нәтижесінде Сарыарқа бағыты таңдалды. Бұл бағыт несімен тиімді? Сарыарқа жобасы арқылы барынша қамтуға мүмкіндік бар. Қазақстандық газды пайдаланамыз.

Дереккөз:24.kz

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support