- Advertisement -

Папуа-Жаңа Гвинеядағы зілзаладан қаза тапқандардың саны 125-ке жетті 

120

- Advertisement -

Папуа-Жаңа Гвинеяда болған зілзала салдарынан қаза тапқандардың саны 125-ке жетті.
Бұған дейін 80 кісі опат болғаны хабарланған еді. Бұл туралы ел полициясының өкілі мәлім етті. Дерек бойынша, Хела провинциясында 80, Саузерн-Хайлендсте 45 адам ажал құшты. 35 мыңға жуық жергілікті тұрғын жарықсыз қалған. Мамандар марқұмдардың саны әлі де өсуі мүмкін деп отыр. Өйткені шалғайда орналасқан елді мекендерде қанша тұрғынның зардап шеккені әзірге анықталған жоқ. Айта кетейік, 7,5 балдық магнитудалық жер сілкінісі аралдың шығысында болған. Тербеліс ошағы Менди қаласынан батысқа қарай 104 шақырым жерде 9 шақырым тереңдікте тіркелген.

Дереккөзі.24.kz

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support