- Advertisement -

Тәжікстан президентін «Парасат» орденімен марапаттады

163

- Advertisement -

Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстанға ресми сапармен келген Тәжікстан Республикасының Президенті Эмомали Рахмонмен кездесті.

Шағын құрамдағы келіссөздер барысында тараптар екіжақты ынтымақтастық мәселелерін және оны әрі қарай жетілдіру перспективаларын талқылады. Мемлекет басшысы екі ел арасындағы қарым-қатынастың сенімге негізделгенін атап өтіп, Қазақ-стан мен Тәжікстан халықтарының достығын нығайту жолында Эмомали Рахмонның айрықша рөл атқарғанын айтты.
– Сіз басшылық еткен жылдар ішінде біз зор сенімге, ынтымақтастыққа және достыққа негізделген қарым-қатынас орнаттық. Ешқашан арамызда шешімін таппаған мәселе болған емес. Біз әрдайым, әсіресе халықаралық деңгейде бір-бірімізді қолдап келеміз, – деген Қазақстан Президенті екі ел арасындағы ынтымақтастық жаңа кезеңге аяқ басқанын айтып, мемлекетаралық қарым-қатынастың өзекті мәселелерін талқылауға ниетті екенімізді жеткізді.
– Біз сіздермен кез келген мәселені талқылап, шешуге дайынбыз. Сонымен қатар көрші мемлекеттердің басшылары келе жатыр. Ертең біз үшін тағы бір мәрте кездесуге мүмкіндік туады. Биыл сіздерде су ресурстарын басқару жөніндегі конференция өтетінін білемін. Қазақстан бұл бастаманы қолдайды, – деді Мемлекет басшысы.
Кездесу барысында Нұрсұлтан Назарбаев Тәжікстан Республи-касының Президентін «Парасат» орденімен марапаттады. Э.Рахмон Елбасыға Қазақстанға шақырғаны үшін және жоғары марапат табыс еткені үшін алғыс білдірді. Содан кейін екі ел арасындағы сауда-экономикалық қарым-қатынастың қарқынды дамып келе жатқанына тоқталып, оны ілгерілете түсуге ниетті екенін атап өтті.

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support