- Advertisement -

Қасқыр басты қола күпшек

180

- Advertisement -

Ұлы Жібек жолының бойында жатқан көне Тараз қаласының аумағы зерделеніп, көп жылдардан бері археологиялық қазба жұмыстары жүргізіліп келеді. Сол тарихи орындардан табылған құнды жауһар жәдігерлер қазір облыстық тарихи-өлкетану музейінің қорында сақталып, халық назарына ұсынылып жүр. Солардың ішіндегі ерекше көзге түсер жәдігердің бірі – «Қасқыр басты қола күпшек».

Тарих қойнауынан жеткен су құйғыш құмыраның мойны қасқырдың басы сияқты пішінде жасалған. Аң көзінің томпайған қарашығы қызыл мыспен жалатылып, ол сары қола кертіктермен шеңберлене жүргізілген. Қысқа басы жақсы дәнекерленіп, құлағына аса нәзік өрнектер түскен. Өлшемі: Н – 28,5 см, D – 13,5 см. Қола затты дайындауда өте күрделі тәсілдер қолданылғанын ыдыстағы жазудың үзіндісі мен өрнегі дәлелдеп тұр. Бұл ыдыс атақты шебердің туындысы екендігі күмән тудырмайды. Сондай-ақ жәдігер Х ғасырда жасалған тәрізді. Себебі оның бүйіріндегі өрнектер мәнерінің бір бөлігі ежелгі түркілердің үлгісіне келеді. Тағы бір қызығы, бұл құманның басы қасқыр басты болуының өзі көне түркілер дәуірінен хабар береді. Деректерге сүйенсек, ең көп тараған аңыздарда көне түркілер өздерін көк бөрінің ұрпағына жатқызатын, сол себепті қасқырдың басын барлық жерде таңба, белгі, тұмар ретінде бейнелеген.
Қола құмыраны 1951 жылы Байзақ ауданы, Кеңес ауылының тұрғыны Дәрмен Алтаев деген кісі жер жырту кезінде кездейсоқ тауып, музейге тапсырған.

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support