- Advertisement -

Ұлт тарихы — ұрпаққа аманат

176

- Advertisement -

Қазақстан – экономикасы тұрақты, жоғары технологиялық болашағы бар, қоғамдық келісім орнаған көпэтностық тарихы мен салт-дәстүрге бай, бірегей мемлекет.

Еліміздегі тілі басқа болғанымен, тілегі бір ұлт пен ұлыстар тұтастықты ту етіп келеді. Қазақстандықтардың елдік мүддеден туындаған биік мақсаттарға жетуге жұмыла ұмтылуы, Мемлекет басшысының реформаларына қолдау көрсетуі – осындай ауызбіршіліктің арқасы. Ал Отанымыздың көркеюі, бүкіл әлемге танымал болуы, дамыған елдер қатарына кіруі әр азаматтың бойында патриоттық сезімді қалыптастыратыны анық.
Тәуелсіздік бізге оңай келген жоқ. Сол сияқты, азаттық алған ширек ғасырдан астам уақыттағы жетістіктерге жету де жеңіл болмады. Сонда да талай қиыншылықтар мен сынақтарды, дағдарыстарды бастан кешірген халқымыз бірлігін сақтап қалды. Жарқын болашақтан үміт үзбеді. Біз осы өткелден Елбасының кемеңгерлігінің арқасында өттік. Ешбір халық мықты Көшбасшысы болмаса, осындай қиындықтардан аман-есен шыға алмас еді. Президенттің ерен еңбегі мен салиқалы саясатының нәтижесінде еліміз барлық сынақтарды жеңіп, бейбіт өмір сүруде.
Елдегі жарқын оқиғалар мен ірі жобалардың жүзеге асуы Тұңғыш Президент, Ұлт Көшбасшысы Н.Назарбаевтың есімімен тығыз байланысты. Оның бәрі тәуелсіздік жылдарының жаңа шежіресі ретінде тарихқа енді. Халқымыздың қол жеткізген осы табыстары Елбасының «Тәуелсіздік дәуірі» атты кітабында толық көрініс тапқан. Кітапта Қазақстанның егемен ел атанғалы бергі даму кезеңдері хронологиялық ретімен баяндалған. Бұл еңбектен Тәуелсіз Қазақстан елі, оның тарихы мен қоғамы, мемлекеттік құрылысы мен саясаты, экономикасы мен әртүрлі салалардағы жетістіктері туралы іздеген дерегіңізді таба аласыз.
Туындыны Елбасының болашақ ұрпаққа сыйлаған, тарихи деректерден тұратын, теңдесі жоқ христоматиялық жинақ деуге болады. Жалпы, Мемлекет басшысы жастардың тәрбиесі мен біліміне көп көңіл аударып келеді. Оларға «Қазақстан–2050» Стратегиялық жоспарын жүзеге асырушы негізгі күш деп, үлкен сенім артады.

Асқар ҚАДЫРҚҰЛОВ,
М.Х.Дулати атындағы ТарМУ-дың аға оқытушысы

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support