- Advertisement -

«Астана» «Химкиді» жеңді

84

- Advertisement -

ВТБ бірыңғай лигасында сынға түсіп жүрген «Астана» баскетбол клубы Мәскеудің «Химки» командасын қабылдап, 84:79 есебімен басым түсті. Михаил Карпенко жаттықтырғалы қазақстандық команданың нәтижесі жақсара түскені көңіл қуантады. Әр кездесу өткен сайын «Астананың» ойын жүйесі өзгергені бірден аңғарылады. Аталмыш бапкердің жетекшілігімен «Астана» командасы соңғы бес кездесудің төртеуінде жеңіске жетіп отыр.
Ойын барысында «Астана» баскетбол­шыларының жанарынан жеңіске деген құштарлық анық аңғарылып тұрды. Команда сапындағы үздіктер әрбір эпизодты өз пайдасына шешуге тырысып бақты. Команданың белді ойыншылары Малькольм Грант пен Ике Удано тамаша нәтижеге қол жеткізді. Екеуі де 16 ұпайдан қоржындарына салды. Осылайша қазақстандық команда турнир кестесіндегі жағдайын түзеп келеді. Енді елордалық клуб 18 наурыз күні түзде «Нижний Новгород» клубына қарсы алаңға шығады.
Елордалық баскетбол­шылар «Химкимен» кездесуден бұрын ел кубогін ұтып алған болатын. Кубоктік бәсекедегі шешуші ойында атыраулық командадан айласын асырған астаналық ұжым ресейлік командаға қарсы жақсы көңіл-күймен ойнағаны талас тудырмайды.

Табиғат Абаилдаев

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support