- Advertisement -

Әділбектің ізбасары

113

- Advertisement -

Бек Нұрманбет қарсыласын нокаутқа түсірді

Финляндияда жалауы желбіреген халықаралық турнирде қазақстандық боксшылар жасындай жарқырады. Әсіресе 81 килограмм салмақ дәрежесінде сынға түскен жас талант Бек Нұрмағанбет ақтық сында ресейлік боксшыны сұлатып салды. Артем Агеев сынды тәжірибелі боксшымен қолғап түйістірген Бек қарсыласынан еш қаймыққан жоқ. Жекпе-жек басталған сәттен басымдықты қолға алған қазақ баласы бірінші раундтың соңына қарай сол қолымен жойқын соққысын дөп тигізіп, Агеевті нокаутқа жіберді. Аяққа әзер тұрған Артемнің шайқасты жалғастыруға мүмкіндігі жоқ екенін түсінген төреші жекпе-жекті тоқтатты. Бек – чемпион! Айтпақшы, Бек Әділбек Ниязымбетовтің салмағында өнер көрсететінін айта кеткен жөн.
Финляндия астанасы Хельсинки төрінде өткен додада Бектен өзге 56 килограмм салмақтағы өреніміз Қайрат Ералиев, 69 килограмм салмақ дәрежесіндегі Абылайхан Жүсіпов, 91 килограмдағы Василий Левит, алыптар бәсекесінде Қамшыбек Қоңқабаев топ жарса, 52 килограмдағы Олжас Байниязов күміс медаль иеленді. Түйіп айтқанда, Финляндиядан қазақ боксшылары толайым табыспен оралды. Алдағы аламандарда да жойқын жұдырықты жампоздардан жеңіс күтеміз.

Табиғат Абаилдаев

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support