- Advertisement -

Нью-Йоркте тікұшақ бұғазға құлады

110

- Advertisement -

Нью-Йоркте бортында бірнеше адам отырған тікұшақ құлады, — деп хабарлайды РИА Новости Fox News телеарнасына сілтеме жасап.

Басылымның мәліметінше, тікұшақ жексенбі күні кешкі уақытта Ист-Ривер бұғазына құлаған. Біріккен баспасөз конференциясы барысында полиция мен Нью-Йорктің өрт сөндіру қызметі үш адамның ауруханаға жеткізілгенін және олардың ауыр жағдайда жатқанын хабарлады. Ұшқыштың тікұшақтан өз бетінше шыға алмағаны және оның да қазіргі уақытта ауруханада екені айтылады.

Сондай-ақ, төтенше жағдайдан екі адам қаза тапқан. «Бұл фототүсірілім өткізу үшін ұйымдастырылған жеке рейс болған еді», — деді полиция комиссары Джеймс  О’Нил  Кейінірек NBC New York телеарнасы, ауруханаға ауыр жағдайда жеткізілген жолаушылардың көз жұмғанын хабарлады. Осылайша, төтенше жағдайдан қаза тапқандарың саны 5-ке жетті.

Дереккөзtengrinews.kz

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support