- Advertisement -

ОҚО-да инспектор заңсыз балық аулаушыларға оқ атқан

179

- Advertisement -

Оңтүстік Қазақстан облысында заңсыз балық аулаушыларды атқаны үшін жануарлар әлемін қорғау инспекторы шартты жазаға кесілді.

Жануарлар әлемін қорғау инспекторы заңсыз балық аулаушыларды ұстау кезінде оларға от атқан.

Испектор Сырдария өзенінде инспекциялық топтың құрамында бола тұра, заңсыз балық аулап жүрген азаматтарды ұстау барысында, қызметтік қарумен ауаға екі рет ескерту ретінде атып, үшінші рет жәбірленушілердің қайығына қарай атқан, нәтижесінде жәбірленушілерге қызметтік қаруды қолдану арқылы дене жарақаттарын салған.

Ол соттың үкімімен ҚР ҚК 362-бабы 4-бөлігі 2-тармағымен кінәлі деп танылып, бес жылға бас бостандығынан айырылып, 3 жыл мерзімге табиғатты қорғау органдарында жұмыс жасау құқығынан айырылды. Қазақстан Республикасының ҚК 63-бабымен тағайындалған жаза шартты деп танылды.

Толығырақ: tengrinews.kz

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support