- Advertisement -

Аналар кеңесі құрметке лайық

246

- Advertisement -

8 наурыз – Халықаралық әйелдер күні қарсаңында облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясының Аналар кеңесі кеңейтілген отырысын өткізді. Тараз қаласындағы «Достық» үйінде өткен жиын «Рухани жаңғыру – жетістіктер тарихы» тақырыбына арналды.
Жиынды кеңес төрайымы Мухаботхон Миражапова ашып, жүргізіп отырды. Өз сөзінде Мухаботхон Сайдуллақызы Кеңес мүшелерін мерекелерімен құттықтап өтті.
– Жылдың ең шырайлы кездерінің бірі – наурыз айы алғашқы күнінен-ақ мерекемен бастау алады. Бұл айда тойланатын барлық мейрам ізгілік пен жақсылықтың, мейірім мен жылылықтың тойы деп айтсақ, артық болмас. Осы ретте құрметті аналарымызды мерекелерімен шын жүректен құттықтаймын, – деді М.Миражапова.
Басқосу барысында Тараз қаласы мен аудандардан жиналған кеңес мүшелері қоғамның рухани жаңғыруы, отбасындағы зорлық-зомбылықтың алдын алу, әйелдерді кәсіпкерлікке тарту мәселелері турасында баяндамалар жасады. Сонан соң жиын қатысушылары аталған тақырыптар турасында ойларымен бөлісіп, туындаған сұрақтарды талқыға салды. Сондай-ақ кеңейтілген отырыс нәтижесінде қалыптасқан ұсыныс жобасын қабылдады.
Жиын соңында Мухаботхон Миражапова кеңес мүшелеріне арнайы дайындалған сый-сияпатын табыстады.

Мұратхан Әлімхан

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support