- Advertisement -

Шолаққайыңдықтар «көгілдір отынды» қашанғы күтеді?

102

- Advertisement -

Т.Рысқұлов ауданының Ақыртөбе аумағындағы он бір елді мекен мемлекеттік бюджет тарапынан «көгілдір отын» тартылды. Алайда 2015-2016 жылдары Шолаққайыңды ауылына тиісті жобалық-сметалық сараптама құжаттардың уақтылы дайындалмаудың нәтижесінде атқарылатын жұмыстар орындалмай аяқсыз қалды. Осы мәселе жыл сайын ауыл, аудан әкімдерінің жергілікті тұрғындармен жылдық есеп беру кездесу жиындарында айтылып та, жазылып та жүр. Т.Рысқұлов ауданының бұрынғы әкімі Ж.Айтақов мырзаның, Қазақстан Республикасы Парламент мәжілісінің депутаты «Нұр Отан» партиясының фракция мүшесі Е.Бектұрғановтың да қабылдауында болдық. Сол сияқты кезінде осы мәселе бойынша облыстық «Aq jol» газетінің басылымында да мақала жарияланған болатын. Алайда тиісті мекеме басшылығы тарапынан қанағаттанарлық жауап ала алмаудамыз.
Облысқа жаңадан әкім болып тағайындалған Асқар Мырзахметов Т.Рысқұлов ауданы Тереңөзек ауылдық округіне қарасты Шолаққайыңды ауылына «көгілдір отын» тартуға ықпал етіп, тілегіміздің орындалуына басшылық етеді деген үміттеміз.

Бейбіт Байсариев,
зейнеткер

Т.Рысқұлов ауданы

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support