- Advertisement -

Еліктеу есті шығарады

163

- Advertisement -

Өркениеті озық елдердің арасынан орын алу үшін мәдениетіміз де соған сай болу керек екендігі айтпаса да белгілі. Себебі – адам баласының атам заманнан бері талпынғаны сол мәдениеттің шын мағынасындағы дәрежесіне жету.

Адамның мəдениетті болуы қай кезде де маңызын жоғалтқан емес жəне жоғалтпайды да. Соңғы кездерде көпшіліктің ойына жиі оралып жүрген бір жайт бар. Ол арамыздағы өсіп келе жатқан кейбір жастардың бойындағы біршама келеңсіз көріністер әсіресе, əдепсіздік. Əдепсіздік дегенде, қыз балалардың бойындағы төсін ашып, кіндігін көрсетіп, ашықтан-ашық қымсынбай, қоғамдық жерлерде ерекше көзге түсуі. Тіпті осындай олқылықтарды қаладан бөлек, ауылды жерлерден де көп кездестіре бастадық. Күнделікті көрініс болғандықтан ба, бұған көзіміз де үйреніп кеткендей. Қазақы дəстүрде əдепсіздік екендігі нақты көрсетіліп, бұқаралық ақпарат құралдарында сын-ескертпелер айтылып, талқыланып та жатыр. Келешекте осы іс-шаралар өз нəтижесін де берер деп ойлаймын. Дегенмен бұл жерде жастардың жас ерекшелігін ескеріп, біршама кешірімділікпен де қарайтынымыз жасырын емес.
Ал енді осындай əдепсіздік көріністері өнер саласында қызмет етіп жүрген қыз-келіншектердің бойынан да кездесетіндігіне не жорық. Дәлірек айтсам, сахнаның төрінде, теледидар экрандарында белін ашып қойып би билеп, жағымсыз көріністер көрсететін əншілердің саны күннен-күнге көбейіп келеді. Бұның бір себебін еліктеушіліктен іздеуге де болатын шығар. Біздің бір кемшілігіміз – еліктеуге жақын тұрамыз ғой. Осындай көрініспен əн салып, би билеп, өнер саласында жүрген жастардың басым бөлігі арнайы оқу орындарында дəріс алып, сахна мәдениетінен хабардар дегенге күмәнмен қараймын. Мысалы, біздің қазақтың атын дүниежүзіндегі сахналарда паш етіп, өнер көрсеткендер бұл күндері арамызда жоқ, халықтың құрметіне бөленген Күлəш Байсейітова, Роза Бағланова сынды өнер тұлғалары бұндай мәдениетсіздікке бармай-ақ, атақты болды емес пе?!

Айдаркүл ҚОРАЛАСОВА

Мойынқұм ауданы

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support