- Advertisement -

Шегірткелер «шабуылына» дайынбыз ба?

137

- Advertisement -

Соңғы жылдары облыста көктемгі дала жұмыстары қызған шақта егіс алқаптары шегірткенің шабуылына ұшырайтынын жамбылдық шаруалар ұмыта қойған жоқ. Жыл сайын қайталанып отыратын бұл шабуылға қарсы тұруда көктем шыққаннан іске кіріскеннің қапы қалмасы анық. Облыс әкімі Асқар Мырзахметовтің төрағалық етуімен өткен жиында зиянкестермен күресудің жоспары пысықталды.

Басқосу барысында өңірдегі зиянкестердің көзін жою шараларына дайындық жұмыстарының көңіл көншітпейтіні белгілі болды. Қажетті техникалардың саны тым аз. Зиянкестерге қарсы күрестің шегірткелердің жетілу мерзіміне сай кезең-кезеңімен жүргізілетінін жеткізген жауаптылар жұмыстың нəтижесіне көңіл бөлмейтін сыңайлы. Ал фито санитарлық ахуалға қарай жасалған болжамға сенсек, ағымдағы жылы қанатты зиянкестер облыстағы 4 ауданға қауіп төндіріп, 350 мың гектар аумақты жайлауы мүмкін.

Сондықтан да облыс əкімі шегірткелердің көзін жоюдың барлық шараларын жан-жақты ойластыру қажет екендігін айтты. Бұл орайда, зиянкестермен күрес жұмыстарының биылғы жоспарына жіті көңіл бөлінбек. Əсіресе шегірткемен күреске тартылатын техникалар мен химиялық препараттардың мүмкіндіктері толығымен зерделенуі керек . Аудандарды қажетті техникамен қамт амасыз етіп, жергілікті жердегі жұмыстарды жүйелі ұйымдастыру арқылы шегірткеге тосқауыл қоюға мүмкіндік бар. Тек жергілікті атқарушы органдар мен Ауыл шаруашылығы министрлігі агроөнеркəсіптік кешеніндегі мемлекеттік инспекция комитетінің облыстық аумақтық инспекциясымен тығыз қарым-қатынас орнатуда енжарлық танытпаса болғаны. Республиканың солтүстік өңірлерінде зиянкестермен күресу бойынша жұмыстардың оңтүстік облыстардан бір айдан кейін басталатындығын ескеріп, олардың техникалық əлеуетін кəдеге жарату жайын нақтылау да артық етпейді.

Өңір басшысы шегіртке шабуылына қарсы тұруда басты мəселе күрестің əдісі мен қолданылатын химиялық препараттардың қуаттылығында екендігіне баса назар аударды. Сəйкесінше тиісті сала басшыларына өткен жылы қолданылған əдістер мен препараттардың тиімділігін анықтау туралы нақты тапсырмалар жүктелді.

Облыс əкімінің баспасөз қызметі

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support