- Advertisement -

Сарапшылар iPhone смартфондарының неше жыл сынбай жұмыс істей алатынын анықтады 

148

- Advertisement -

Сарапшылар iPhone смартфондарының неше жыл сынбай жұмыс істей алатынын анықтады, деп хабарлады life.ru порталы ұйымның ресми сайтына сілтеме жасап. Порталдың хабарлауынша, бұл смартфондар өз иелеріне төрт жыл қызмет ете алады.  «АҚШ-та Asymco мамандары зерттеу жүргізді, оның нәтижесінде iPhone смартфондары ғұмырының ұзақтығы анықталды. Зерттеу жұмысына осы уақытқа дейін сатылған және бұзылған iPhone смартфондары туралы деректер қолданылды. Apple компаниясы сатқан екі миллиардтан аса телефонның 750 миллионы істен шыққан не пайдалануға келмейді», — делінген жарияланымда. Сөйтіп, сарапшылардың есептеуі бойынша, орташа есеппен iPhone смартфондары төрт жыл сынбастан жұмыс істей алады. Мұны смартфон иелері арасында жүргізілген сауалнаманың нәтижесі де растаған.

Дереккөзі:tengrinews.kz

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support