- Advertisement -

Кореялық дәрігер Ақтөбеде жоспардан тыс ота жасап, әйелді аман алып қалды

146

- Advertisement -

АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат — Ақтөбелік дəрігерлер 55 жастағы əйелдің бауырын ауыстырды. Науқас Орал қаласынан Астанаға бара жатқан жолда өзін нашар сезініп, медициналық көмек сұраған, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. Қатерлі ісік дертіне шалдыққан  55 жастағы тұрғын бірнеше жыл бойы ауырып, ем қабылдаған. Дəрігер оған бауыр церрозы деп диагноз қойып емдеді. Бұл жолы ол ем алу үшін Астанаға бармақ болып, жолға шықты. Бірақ жолда тамыры жарылып, қан кетті. Ал ақтөбелік дəрігерлер хирург Кванг Вунг Лидің көмегімен сəтті ота жасады. «Əйел 2014 жылдан бері ем қабылдап жүрген. Бауыр церрозына шалдыққан ол пойызбен жолға шыққан. Жолда қан кетіп, шұғыл көмек көрсетуге тура келді. Корея профессоры Кванг Вунг Лидің көмегімен шұғыл ота жасалып, бауыры ауыстырылды. Шынын айтқанда, корейлік дəрігерлер Ақтөбеде Check up орталық ашу келісімшартына қол қоюға келді. Сапар кезінде жоспарсыз ота жасалды»¸ — деді Ақтөбе облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Əсет Қалиев. Науқасқа өзінің 20 жастағы қызы донор болды. Бауыр алу отасы 3D-лапароскопия арқылы жасалды. Дəрігерлер екі адамның да жағдайы қалыпты деп отыр. Олар ақ халаттылардың жіті бақылауына алынды. «Ота əйелдің толық жазылуына мүмкіндік береді. Қатерлі ісік ауруынан да айығып, толыққанды өмір сүруге мүмкіндік бар», — деді Əсет Қалиев. Айта кетейік, ақтөбелік дəрігерлер кореялық əріптестерінен бүйрек ауыстыру отасын үйренді. Қазір бауыр ауыстырудың қыр-сырын меңгеріп жатыр.

Дереккөз:kazinform.kz

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support