- Advertisement -

2017 жылдың 4-тоқсанының қорытындысы бойынша аймақтағы қаржы нарығының ахуалы туралы ақпарат

159

- Advertisement -

Депозиттік нарық. Облыстың екінші деңгейдегі банктерінің филиалдарындағы (бұдан әрі – Банктер) депозиттердің көлемі 2018 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша 125 922,6 млн. теңгені құрады, бұл өткен жылдың сәйкес күнімен салыстырғанда 17,0%-ға немесе 18 310,7 млн. теңгеге көп. Оның ішінде ұлттық валютадағы депозиттердің үлес салмағы 67,7%-ды немесе 85 291,2 млн. теңгені, ал шетел валютасындағы депозиттердің үлес салмағы 32,3%-ды немесе 40 631,4 млн. теңгені құрады. 2016 жылдың сәйкес күнімен салыстырғанда ұлттық валютадағы депозиттердің көлемі 33,3% немесе 21 283,2 млн. теңгеге көбейген, ал шетел валютасындағы депозиттердің көлемі 6,8% немесе 2 972,5 млн. теңгеге азайған.
Депозиттердің салымшылар бойынша құрылымы жеке тұлғалардың депозиттерінің басымдылығымен сипатталады. 2018 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша жеке тұлғалардың салымдары облыстағы депозиттердің жалпы көлемінен 115 293,5 млн. теңгені немесе 91,6% құрады. Бұл көрсеткіш алдыңғы жылдың сәйкес күнімен салыстырғанда 18,4%-ға немесе 17 904,9 млн.теңгеге артқан. Заңды тұлғалардың депозиттері жыл басынан 4,0%-ға артып, 2017 жылдың 4-тоқсанының соңына облыстағы депозиттердің жалпы көлемінен 10 629,1 млн. теңгені немесе 8,4% құрады.
Орналастыру мерзімдері бойынша облыс депозиттерінің көлемінде басым бөлігін мерзімді депозиттер алады. Осылай, 2018 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша депозиттердің жалпы көлемінің 99,0%-ы мерзімді болып табылады, ал шартты және талап ету бойынша депозиттердің үлесі сәйкесінше 0,7% және 0,3%-ды құрайды.
2018 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша Жамбыл облысы депозиттерінің үлесі республика бойынша депозиттердің жалпы көлемінде 1,2%-ды құрады.
2017 жылдың 4-тоқсанында Банктермен 154 107,4 млн. теңгеге депозиттер тартылған, бұл былтырғы жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 55,1%-ға немесе 54 745,5 млн. теңгеге көп. Тартылған депозиттердің жалпы сомасының 36,4%-ы жеке тұлғалардан, 63,6%-ы заңды тұлғалардан тартылған, олардың ішінде 93,1% ұлттық валютада, қалған 6,9%-ы шетел валютасында. 2017 жылдың 4-тоқсанында заңды және жеке тұлғалардың шоттарынан 145 234,0 млн. теңге қайтарып алынған, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 65,7%-ға немесе 57 611,5 млн. теңгеге көп.
Депозиттердің тарту мерзімдері бойынша құрылымы. 2018 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша депозиттердің жалпы көлеміндегі ұзақ мерзімді салымдардың үлесі 47,4%-ды (немесе 59 681,0 млн. теңгені) және қысқа мерзімділер – 51,6%-ды (немесе 65 041,3 млн. теңгені) құраса, ал қалған 1,0% (1 200,3 млн. теңге) шартты және талап етілген депозиттер құрайды.
Несие нарығы. 2017 жылдың 4-тоқсанында Банктермен берілген несиелердің көлемі 40 497,3 млн. теңгені құрады, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 38,6%-ға артық (2016 жылдың 4-тоқсанында 29 224,2 млн. теңге сомасында несиелер берілген). Берілген несиелердің жалпы сомасының басым бөлігі ұлттық валютада берілген несиелер болып табылады – 40 497,0 млн. теңге. Шетел валютасында берілген несиелердің сомасы теңгедегі баламасында 0,3 млн. теңгені құрайды. Ұзақ мерзімді несиелердің көлемі 30 512,2 млн. теңге немесе 75,3%-ды құрайды, сәйкесінше қысқа мерзімді несиелер 9 985,1 млн. теңгені (24,7%) құрады.
Банктермен берілген несиелердің негізгі бөлігі жеке тұлғаларға берілген. Олардың үлесі 30 800,9 млн. теңгені немесе жалпы берілген несиелердің сомасынан 76,1%-ды құрайды. Заңды тұлғаларға берілген несиелердің сомасы 9 696,4 млн. теңгені немесе берілген несиелердің жалпы сомасынан 23,9%-ды құрайды.
Шағын кәсіпкерлік субъектілеріне берілген несиелердің көлемі 2017 жылдың 4-тоқсанында 9 428,5 млн. теңгені құрады, бұл өткен жылғы сәйкес кезеңнің көрсеткішінен 32,9% артық (2016 жылдың 4-тоқсанында 7 092,4 млн. теңге сомасында несие берілген).
2017 жылдың 4-тоқсанында жеке және заңды тұлғалармен өтелген несиелердің жалпы сомасы 33 331,2 млн. теңгені құрады, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 7,0% немесе 2 194,6 млн. теңгеге көп. Соның ішінде жеке тұлғалармен 24 892,5 млн. теңге немесе өтелген несиелердің жалпы көлемінің 74,7%-ы өтелген (2016 жылдың 4-тоқсаны бойынша сәйкесінше 18 966,6 млн. теңге немесе 60,9%), ал заңды тұлғалармен 8 438,7 млн. теңге немесе 25,3% несиелер өтелген (2016 жылдың сәйкес кезеңінде12 170,0 млн. теңге немесе 39,1%).
2018 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша Жамбыл облысы бойынша несиелер бойынша берешектер қалдығы 177 739,0 млн. теңгені құрап, өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 25 978,4 млн. теңгеге немесе 17,1%-ға артқан. Заемдар құрылымында теңгедегі несиелердің үлесі 98,7% немесе 175 514,3 млн. теңгені құрады, қалған 1,3% – шетел валютасында берілген заемдар (2 224,7 млн. теңге). Жеке тұлғалар несиелерінің көлемі 140 721,1 млн. теңгені немесе ссудалық берешектердің жалпы көлемінен 79,2%-ды құрады, ал заңды тұлғалардың қарыз үлесі 37 017,9 млн. теңгені немесе 20,8%-ды құрады.
Шағын кәсіпкерлік субъектілері бойынша несие берешегінің қалдығы 2018 жылғы 1 қаңтардағы жағдайға 36 275,5 млн. теңгені құрады, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 4,6% немесе 1 603,9 млн. теңгеге жоғары.
Облыстың несиелік портфелінде заемдардың мақсатты бағытталуы бойынша халықтың тұтынушылық мақсатына (несиелердің жалпы көлемінің 54,6%-ы немесе 96 993,4 млн. теңге), айналым құралдарын толықтыруға (13,2% немесе 23 548,1 млн. теңге), сонымен қатар азаматтардың тұрғын үй салуына және сатып алуына (12,3% немесе 21 876,6 млн. теңге) берілген несиелер ауқымды бөлікті құрайды.
Жалпы облыс бойынша несиелердің барлық түрлері бойынша орташа алынған сыйақы мөлшерлемесі 2017 жылдың желтоқсан айының соңында 15,8%-ды құрады (2016 жылғы желтоқсан айының соңында аталған көрсеткіш 16,6%-ды құраған). Ұлттық валютадағы несиелер бойынша орташа алынған сыйақы мөлшерлемесі 0,9%-ға төмендеп, 15,8%-ды құрады, сонымен қатар шетел валютасындағы несиелерде 1,3% төмендеп, 11,3%-ды құрады. Заңды тұлғалардың несиелері бойынша орташа алынған сыйақы мөлшерлемесі 12,7%-ды құрады (2017 жылғы 1 қаңтардағы жағдайға – 13,9%), ал жеке тұлғалардың заемдары бойынша орташа алынған сыйақы мөлшерлемесі 16,6%-ды құрады (2017 жылғы 1 қаңтардағы жағдайға – 17,3%).
Облыстың несие нарығына талдау жасай отырып, заемдар бойынша мерзімі өткен берешектердің кемігендігін айтып өткен жөн. Егер 2017 жылдың 1 қаңтарындағы жағдай бойынша Банктердің несиелері бойынша мерзімі өткен берешектер 16 134,3 млн. теңгені құраса, 2018 жылдың 1 қаңтарындағы жағдай бойынша бұл көрсеткіш сәйкесінше 15 603,0 млн. теңгеге дейін (-3,3%) азайып отыр. Мерзімі өткен берешектердің жалпы көлемінен азаматтардың тұтынушылық мақсаттарына берілген несиелер 42,5%-ды, ал азаматтардың тұрғын үй салу және сатып алуына берілген несиелер 12,0%-ды құрайды. Шағын кәсіпкерлік бойынша мерзімі өткен берешектер 2017 жылдың 4 тоқсанының соңына 2 469,6 млн. теңгені немесе шағын кәсіпкерлікке берілген несиелердің жалпы көлемінің 6,8%-ын құрады.

Динара Ақынбекова,
ҚР Ұлттық Банкі Жамбыл филиалының
жетекші маман-экономисі

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support