- Advertisement -

Алтын алма, білім ал

488

- Advertisement -

Таразда мектеп түлектерінің форумы өтті

Тараз қаласы әкімдігінің қолдауымен «Баласағұн» орталық концерт залында «Таразым – құт мекенім» атты мектеп түлектерінің форумы өтті.
Саяси және қоғамдық ұйымдардың өкілдері, мәслихат депутаттары, білім саласының өкілдері, бұрынғы мектеп түлектері мен 11-сынып оқушылары шақырылған шараны Тараз қаласының әкімі Рүстем Дәулет сөз сөйлеп ашты. Ол Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласының мәніне тоқталып, «Туған жер» бағдарламасы мен «Мектепке тағзым» акциясы аясында кәсіпкер түлектер тарапынан жасалып жатқан қолдаудың ерекше екенін, шаһарда меценаттар клубы құрылғанын айтып өтті.
Содан кейін Тараз мемлекеттік педагогикалық университетінің ректоры Дария Қожамжарова мектептің және ондағы ұстаздардың мәртебесі қашанда биік екенін әңгімелеп, өзі білім алған қаладағы №5 гимназияға, ондағы ардагер ұстаздарға үлкен құрметпен қарайтынын сөз етті. Еркін күрестен Лондон Олимпиадасының қола жүлдегері Ақжүрек Таңатаров спортшыға да білім керектігін, Ұлт Көшбасшысы білімді болуға ұмтылған жастарға барлық мүмкіндікті жасап отырғанын, соны пайдаланып, ел дамуына үлес қосу жастардың міндеті екенін жеткізді.
Тараздағы №5, 8, 45, 41 білім ошақтарының кәсіпкер және ғалым түлектері – Әмина Қайназарова, Диас Жорабеков, Антон Скромский «Болашақ» бағдарламасы арқылы білім алып, Таразда еңбек етіп жүргендерін, алтын ұя мектептеріне қолдау көрсетуге әзір екендіктерін айтты. Сырт мемлекеттерде оқып жүрген бірнеше студент интернет арқылы форум жұмысына сәттілік тілеп, мектеп бітірушілерді терең біліммен қарулануға шақырды. Біріккен Араб Әмірлігінде білім алып жүрген Айжан Әшімнің ойлы сөздері іні-сіңлілерін жігерлендірді. «Үздік педагог» атағының иегерлері, білікті ұстаздар Гүлмира Помашева мен Андрей Сонның ойлары да жиналғандардың көңілінен шықты.
Басқосуда республикалық және халықаралық пән олимпиадаларының жеңімпаздары мен жүлдегерлері – Рамазан Әзіретқұлов пен Аружан Ахметова үш тілде құттықтау сөз сөйлеп, ұстаз сенімін әрқашан ақтайтындарын айтты. Форум облыстық филармония әншілері мен мектеп оқушыларының өнерлерімен жалғасты.

Есет ДОСАЛЫ

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support