- Advertisement -

Альбина арнайы жүлдемен оралды

184

- Advertisement -

Алматы облысының Жамбыл ауданына қарасты Ұзынағаш ауылында өткен «Жыр алыбы – Жамбылым» атты республикалық оқушылар айтысында өңіріміздің мерейі үстем болды. Аталған жыр алама­нына қатысқан Ы.Алтынсарин атындағы орта мектебінің оқушысы Альбина Зұлбахар үздік өнер көрсетіп, Кенен Әзірбаев атындағы арнайы жүлдені олжалап қайтты.
Төл өнеріміз айтыстың жүгі қашанда ауыр екені белгілі. Сондықтан Альбинаның аймақ намысын абыройлы қорғағаны – көңілге медеу. Ол бұл додада екі рет айтысып, ерекше тапқырлығымен көзге түсті. Алматы қаласы және Алматы облысынан келген қарсыластарымен тең өнер көрсетіп, Жамбыл облысының ақындық мектебінің мықты екенін дәлелдеді.
«Жыр алыбының рухына арнап Ұзынағашта айтыс өткізу дәстүрге айналған. Бұл аламаннан жамбылдықтар жүлдесіз қайтқан емес. Альбина да сол жолды жалғап, арнайы жүлдені қанжығаға байлады. Осы айтысқа баруымызға себепкер болған облыстық мектептен тыс іс-шараларды өткізу орталығына, Шу аудандық білім бөліміне алғысы­мызды білдіргім келеді», – дейді А.Зұлбахардың жетекшісі, ардагер ұстаз Сәт Мәлібеков.

Есет ДОСАЛЫ

Шу ауданы

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support