- Advertisement -

Бәріңе алғыс

252

- Advertisement -

Алдымен мейірімді Аллама алғыс,
Содан соң мейірбан анама алғыс,
Кешке де алғыс, таңға да алғыс,
Жоққа да алғыс, барға да алғыс.

Көрсем деп төрден,
Естіртпей қарғыс.
Тәрбие берген
Әкеме алғыс.

Жеңілге де алғыс,
Ауырға да алғыс.
Бір емшек емген,
Бауырларға алғыс.

Батпандап қонған,
Бағыма алғыс.
Мен үшін құрбан,
Жарыма алғыс.

Есімде қалған
Күндерге алғыс,
Есімді алған,
Түндерге алғыс.

Жасыңа алғыс,
Кәріңе алғыс.
Айтатын көп еді
Әлі де алғыс,
Бәріңе алғыс, бәріңе алғыс!

Олжас Сәндібек

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support