- Advertisement -

Жомарт елдің жан жылуын сезіндік

143

- Advertisement -

Ұлтымыздың поляк екенін айтып, тілімізді, дәстүр-мәдениетімізді сақтап, дамытуға мүмкіндік берген қазақ еліне деген алғысымыз шексіз. 130-дан аса этносқа пана бола білген мемлекетте барлық салада белсенді еңбек етуге жол ашық. Сол үшін қонақжай, кең пейіл қазақ халқына ризамыз.
Екі мемлекеттің табиғаттары, жерінің сан қырлылығы өте ұқсас. Қазақ ұлты мен поляктарды тарих өзара жақындастырды. Қасиетті Жамбыл жерінде қаншама батыр поляк азаматтары жерленген. Біз осы елде жергілікті ұлттың қамқорлығын сезініп өстік, қатарға қосылдық. Бүгінгі таңда облыстық «Полонез» поляк тілі мен мәдениеті орталығы» қоғамдық бірлестігі өзінің жұмысын жүйелі түрде жүргізіп отырса, ол да осы қазақ елінің дос көңілінің арқасы.
Құрылғанына жиырма жыл толған поляк этномәдени бірлестігі ұлтымыздың салт-дәстүрлерін дәріптеп, Қазақстанды мекендеген өзге де қандастарымызбен қарым-қатынас орнатып отыр. Бірлестікте поляк тілінің сабақтары жүргізіледі. Сол арқылы балалар мен жастар поляк әдебиетімен, тарихымен, мәдениетімен және ұлттық дәстүрлерімен кеңінен танысады. Бұл істе бізге жергілікті әкімдіктің, облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясының қолдауы мол екенін айтқым келеді.
Қадамын нық басып, «Мәңгілік Елдің» іргесін қалаған еліміздің болашағы баянды болатынына сенімім мол. Еліміз шырқау биікке бет түзеген сайын өткеннен сабақ алып, тарихтың қасіретін ешқашан ұмытпаймыз. Тарихи жадымызда жатталған сол замандағы қиын кезеңдердің естелігі біздің бірлігімізді одан әрі бекемдей түседі.

Лариса КАЛЫКОВА,
облыстық «Полонез» поляк тілі мен мәдениеті орталығының төрайымы

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support