- Advertisement -

Ардагерлер алғы шепте

154

- Advertisement -

Қоғамдық жұмыс дегенде алғы шепте жүретін ардагерлеріміз әлі сапта. Олар Елбасының «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Жолдауында белгіленген он міндетті іске асыруға өз үлестерін қосуға дайын.

Өңірімізге арнайы келген республикалық «Ардагерлер ұйымы» қоғамдық бірлестігі орталық кеңесінің төрағасы, Парламент Мәжілісінің депутаты, республикалық ақпараттық топтың мүшесі Бақтықожа Ізмұханбетов облысымыздың ардагерлерімен кездесіп, Мемлекет басшысының тапсырмаларын орындауда қандай жауапкершілік жүктеліп отырғанын сөз етті.
Кездесуді облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы Еркінбек Солтыбаев ашып, аймақтағы атқарылған жұмыстарға жан-жақты тоқталды. ҚР Парламент Мәжілісінің депутаты еліміздің даму жолындағы ұзақ мерзімді мақсаттарымыз өзгеріссіз қала беретінін тілге тиек етіп, осы жұмыстар басында ардагерлер тұратынын жеткізді.
– Қазір елімізде Мемлекет басшысының «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Қазақстан халқына Жолдауынан туындаған міндеттерді жүзеге асыратын мақсатты жұмыстар жалғасып жатыр. Біздің аға буынның міндеті – Жолдауға өз үлесімізді қосу. Ондағы тапсырмаларды орындауға мемлекеттік органдар ғана емес, еліміздегі барлық қоғамдық ұйымдар атсалысуы керек. Жаңа Жолдауды жүзеге асыруға үлес қосу үшін ардагерлеріміз өздеріне жүктелген жауапкершілікті айқын сезінеді деген ойдамын. Қоғамдағы жаңалықтарды қабылдаған жағдайда ғана біз заман көшіне ілесе аларымыз сөзсіз. Бізге ұйымның жұмысына жаңа леп беріп, жаңаша ұйымдастыратын кез келді, – деген Бақтықожа Салахатдинұлы өңір ардагерлерінің алдағы жұмысына сәттілік тіледі.
Жиын барысында сөз алған өзге ардагерлер басты құжаттағы негізгі міндеттерді сөз етіп, ойларын ортаға салды.

Камила Борашова

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support