- Advertisement -

Наурыз – ізгілік айы

110

- Advertisement -

Жер-дүние құлпырып, ерекше күйге енетін көктемнің алғашқы күні Мемлекет басшысының шешімімен «Алғыс айту күні» болып бекігені бекер емес. Наурыз – ежелден жаңару, жаңғыру кезеңі, мейірім мен ізгілік айы екені анық.

«AQ JOL» газеті «Наурыз – ізгілік айы» акциясына бастамашы бола отырып, облыс жұртшылығын қайырымдылық жасауға үндейді. Шараның мақсаты, әлеуметтік жағынан аз қамтылған жандарды демеу. Осыған орай, редакция қызметкерлері аймақтағы тұрмысы төмен, қолдауға мұқтаж жандардың тізімін тиісті мекемеден арнайы алып отыр. Оларға көмек қолын созуға ықыласты азаматтарды (87262) 43-17-11 (редакция) телефонына хабарласуды сұраймыз.
Шүкір, бізде қолы ашық, жомарт азаматтар аз емес. Көпшілігі жасаған қайырымдылығын жұртқа жария қылуды қажет етпейді. Десе де жақсының жақсылығын айта отырып, оларды замандастарына үлгі етсек, сөкеттігі жоқ болар. Мейірімге зәру қоғамымызды осылайша ізгілендіре түссек, несі айып?! Ендеше, сауапты іске жұрт болып жұмыла кіріссек, игі еді.
«AQ JOL» газетінің редакциясы

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support