- Advertisement -

Елімен етене, әлеуметпен әріптес

165

- Advertisement -

«Нұр Отан» партиясы бүгінде өзінің дара жолымен дамып келеді. Оның қалыптасуы және даму тарихы Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың есімімен тығыз байланысты екені сөзсіз.

Мұратхан Шүкеев,
«Нұр Отан» партиясы облыстық
филиалы төрағасының бірінші орынбасары

Бүгінде Елбасымыз төрағалық ететін партия еліміздегі саяси құрылымдар арасында көш бастап тұр. Ел Президенті Н. Назарбаевтың «Нұр Отан» партиясы – бұл шешімдерді іске асыруға қабілетті, күшті саяси ерік-жігердің қуатты көзі, елді дамытудың ірілендіруші секторы» деген сөзі мемлекетіміздегі саяси жүйенің жетілуі партияның қалыптасу тарихымен тікелей байланысты екенін көрсетеді.
Алғаш құрылған кезден бастап-ақ партия бір ғана ұстанымға сүйенді. Ол – халыққа жақын болу. Осыны нық ұстанған «Нұр Отан» әлеуметтік мәселелердің туындау себебін зерделей жүріп, мемлекеттік бағдарламалардың жүзеге асырылу барысының ашықтығының сақталуына ықпал етті. Соның арқасында көпшіліктің сеніміне ие болды. Бейбіт те берекелі өмірімізге халқымыздың ауызбіршілігінің арқасында қол жеткізсек, ширек ғасырдан астам уақытта еліміздің асқан асулары, шыққан биіктері – Тұңғыш Президентіміздің сарабдал саясатының нәтижесі екені айқын. Елбасы партияның бағыт-бағдарын нақтылап қана қойған жоқ, оны дамытудың сара жолын көрсетіп берді.

1999 жылы негізі қаланған партия өз қатарына миллиондаған қазақстандықты жинады. Соның арқасында еліміздің басты саяси күшіне, Қазақстан халқын топтастырудың негізгі тетігіне айналды. «Нұр Отан» еліміздегі саяси және экономикалық реформалардың бастамашысы және іске асырушысы болды. Партия өз тұғырнамасының бағытын анықтау кезінде әрдайым халықтың пікіріне сүйенді, оның мүддесі мен қажеттілігін айшықтап отырды. Сондықтан да «Нұр Отан» – мемлекеттік билік пен қоғамды, Президент пен халықты байланыстырушы.
Өткен жылдың 29 қаңтарында партияның кезектен тыс XVII съезінде «Нұр Отан» партиясының «Бірлік. Тұрақтылық. Жасампаздық» атты сайлауалды бағдарламасы бекітілген болатын. Қазіргі таңда сайлауалды бағдарламаны және халықтың алдында берген уәдемізді орындау үшін тиісті жұмыстар атқарудамыз. Аталмыш бағдарламаны іске асыру жөнінде құрылған «Білім», «Денсаулық сақтау», «Аграрлық сектор», «Жұмыспен қамту және тұрғындардың әлеуметтік әлсіз топтарын қолдау», «Индустриалды даму», «Жоғары технологияларды дамыту», «Мемлекеттік қызмет көрсету», «Жастарды қолдау» бағыттары бойынша комиссиялар жұмыс істеуде. Әрбір комиссияға облыстық мәслихат депутаттары куратор ретінде жетекшілік етеді және құрамына түрлі сала мамандары енгізілген. Комиссия отырыстары екі айда бір рет өткізіліп, сайлауалды бағдарламада берілген тапсырмалардың орындалуы туралы тиісті мекеме басшылары есеп береді. Сонымен қатар ұсынымдар қабылданып, олардың орындалуы партияның бақылауына алынады.
Партияның облыстық филиалының жанындағы «Жас Отан» жастар қанатының жұмысы да жыл өткен сайын жанданып келеді. Өңірімізде 14 пен 29 жас аралығында 263 157 жас бар. Яғни жастар жалпы облыс тұрғындарының 25,3 пайызын құрап отыр. «Жас Отан» жастар қанаты құрамында 10 аудандық, 1 қалалық филиал жұмыс істейді. Оларға 14 145 жас мүше, 145 бөлімше біріктірілген. Жастар қанаты барлық саладағы жастарды қамтитын түрлі форматтағы шараларды жиі ұйымдастырып тұрады. Жалпы, «Жас Отан» жастар қанаты биыл ұзақ және қысқа мерзімді 12 жоба аясында жұмыс жүргізуді көздеп отыр.
«Нұр Отан» партиясының облыстық филиалы өз қызметін Елбасының дәстүрлі Жолдаулары, «Нұрлы жол», «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламалары мен партияның сайлауалды бағдарламасы, саяси Доктрина және партияның бағдарламалық құжаттары талаптарын орындауға бағыттап, халықтың түрлі мәселелерін шешуге атсалысып келеді. Елбасы, партия Төрағасы Нұрсұлтан Назарбаев өз Жолдауларын, басқа да маңызды бастамаларды жүзеге асыруда партияның бастауыш ұйымдарының рөлі ерекше екенін айтып келеді және үлкен сенім білдіреді. Президенттің биылғы Жолдауында Қазақстанның Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайында жүйелі түрде жаңғыруына мүмкіндік беретін шаралар айқындалған. Бұл – елде жүргізіліп жатқан жаңғырту үдерістерінің логикалық жалғасы.
«Нұр Отан» партиясының облыстық және аумақтық филиалдары Елбасының бағдарламалық құжаттарын тұрғындарға түсіндіріп, оны жүзеге асырып қана қоймай, халықтың әрбір өтінішін зерделеп, нақты шешімдерін табуға ұмтылады. Бұл жұмыстың басы-қасында партия филиалының «Қоғамдық қабылдау бөлмесі» тұр. Партия филиалдарына түскен өтініштерді шешу мақсатында ай сайын қоғамдық қабылдау қызметіне мониторинг жасалынып, сұрақтар топтастырылады. Атап айтқанда, 2016 жылы 4900 өтініш түсіп, оның 32,2 пайызы шешімін тапса, былтыр 5457 өтініш түсіп, 43,3 пайыз күрмеулі мәселенің түйіні тарқатылған. Өтініштердің басым көпшілігі – жұмысқа орналасу және еңбек даулары, әлеуметтік мәселелер.
Қазір партия филиалы түрлі мәселелерді қамтитын 6 партиялық және 1 арнайы жобаны жүзеге асыруда. Облыс бойынша 120-ға жуық ҰОС ардагері мен мүгедектері, 6000-нан аса тыл еңбеккері бар. Партияның «Ардагерлерді ардақтайық» жобасын жүзеге асыру мақсатында жыл бойы «Ардагерім – ардағым», «Қарттарым, аман-саумысың?!», «Ұрпақтар есінде» республикалық акциялары өткізіліп, түрлі форматтағы жұмыстар ұйымдастырылып тұрады.
Ал «Бақытты отбасы – бақытты балалық шақ» партиялық жобасы аясында жыл басында жайсыз отбасыларға жүргізілген рейдтер барысында 20-ға жуық отбасының мәселелері анықталып, оларға көмектер көрсетілді. Атаулы мерекелер қарсаңында «Нұр Отан» – балаларға», «Балаларды мектепке даярлайық» акциялары аясында қайырымдылық шаралары, тұсаукесер рәсімі, байқаулар және тағы басқа түрлі форматтағы шаралар өткізіп, балалар мен әлеуметтік көмекке мұқтаж отбасыларға жәрдем беруде партияның әрбір мүшесі белсенділік танытуда.

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support