- Advertisement -

Төртінші бағыттың тиімділігі зор

112

- Advertisement -

Елбасының биылғы Қазақстан халқына Жолдауын түсіндіру мақсатында келген Инвестициялар және даму вице-министрі республикалық ақпараттық-насихаттық топтың мүшесі Қайырбек Өскенбаев Тараз қалалық әкімдігінің ғимаратында облыстық мәслихаттың депутаттары, архитектура, құрылыс салаларының, жобалаушы мекемелердің басшылары және өкілдерімен кездесті.

Жиынды облыс әкімінің орынбасары Ғалымжан Әбдірайымов ашып, жүргізіп отырды. Вице-министр Қайырбек Айтбайұлы:
– Біздің Тараз жеріне келгендегі басты мақсатымыз – Елбасы Н.Назарбаевтың «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Жолдауының негізгі басымдықтарын түсін-діру. Жолдау – барша қазақстандықтарға ортақ. Өйткені ол болашағымыздың бағдаршамы. Еңбек нарығы, саяси жүйелер, цифрландыру сынды түрлі маңызды мәселелер қамтылған Жолдаудың мен төртінші бағытына кеңірек тоқталғым келіп отыр. Өйткені бұл бағытта Мемлекет басшысы көлік-логистика инфрақұрылымының тиімділігін арттыру мәселесіне айрықша назар аударған болатын, – дей келе, аймақтағы республикалық мәндегі 1237 шақырым жолдың 82 пайызы жақсы және қанағаттанарлық деңгейде екенін сөз етті.
– Биыл жолдарды жөндеуге жалпы көлемі 28 миллиард 899 миллион теңге бөлініп отыр. Бұған облыстан қанша қосымша қаржы қарастырылса, республикалық бюджеттен де соншама қаржы бөлуді жоспарлап отырмыз.
Былтыр елімізде 11 миллион 200 мың шаршы метр үй салынды. Биыл да сол деңгейден кем түспеу жоспарда бар. Сіздердің облыста да бұл көрсеткіш жаман емес. Бірақ мұнда алдымен сапа мен бағаға баса мән беруіміз керек. Жаңа тұрғын үйлер халыққа неғұрлым қолжетімді болуға тиіс. Аталмыш мәселені кездесудің соңына қарай тиісті құзырлы орындар басшыларымен бірге талқыласақ, олардың ой-пікірлерін білсем деймін, – деді.
Жиында, сондай-ақ ТарМПУ деканы Бақыт Мырзабеков 1997 жылдан бергі Жолдаулардың тарихына, Тараз инновациялық-гуманитарлық университетінің деканы Сәбит Баубеков жылдың басты құжатында көрсетілген адами капиталға тереңірек тоқталып өтті.
Қайырбек Айтбайұлы бұл күні, сондай-ақ облыс орталығындағы Сүлейменов көшесінің соңында «Нұрлы жер» бағдарламасы бойынша салынып жатқан бір типті жаңа үйлердің, «Бәйтерек» шағын ауданындағы 1200 орындық мектептің құрылыс жұмыстарымен танысты.

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support