- Advertisement -

Сақ жауынгерінің дулығасы

222

- Advertisement -

Тарихтан бастау алған б.з.д І мың жылдықтан Қазақстан территориясын мекендеген көшпелі тайпалар «сақ» этнонимі арқылы белгілі. Деректерде олардың қазіргі Қазақстан территориясының барлық аумағын қоныстанғаны және жауынгерлер, абыздар, қауым мүшелері болып үш топқа бөлінгені жазылған.
Сақтар қоғамында əскери адамдар – жауынгерлер ерекше құрметке ие болған. Батырлығымен, мергендігімен көзге түскен адамдардың арасынан патша, көсем сайланған. Олардың əйелдері мен қыздары да ержүрек болған. Соғыс өнерін жетік біліп, ерлермен бірдей соғысқан. Мысалы, Томирис патшайым ақылы мен айласы, батырлығы арқасында парсы əскерін жеңгенін тарихтан білеміз.
Жамбыл облыстық тарихи-өлкетану музейінде өте сирек кездесетін жәдігерлердің бірі – сақ жауынгерлерінің дулығасы сақталған. Дулыға VІІ-ІV ғасырларға тиесілі, қоладан құйылып жасалған, салмағы – 3 килограмм. Төменгі бөлігінде бірнеше тесігі бар. Ішкі бөлігін тот басқан.
Дулығаны Қордай ауданы Трудовик ауылының аумағындағы Кысмычи қалашығынан 1950 жылы мамыр айында мектеп оқушысы тапқаны туралы музейдің тіркеу кітабында жазылған. Ауданның сол кездегі хатшысы музейге тапсырған. Жәдігерді музей қызметкері, археолог И.Ремпель зерделеп музей қорына өткізген.
1973 жылы алғаш рет «Народное искусство Казахстана с древнейших времен до наших дней» атты музей қорынан жасақталған көрмеде және Алматы, Мәскеу қалаларында өткен жылжымалы көрмелерде көрсетілген.

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support