- Advertisement -

Ертең Таразда І республикалық педагогикалық оқулар өтеді

146

- Advertisement -

Ертең Тараз мемлекеттік педагогикалық университетінде «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы білім беруді дамытудың жаңа мүмкіндіктері: заманауи білім берудегі инновациялар мен әдістемелер» атты I республикалық педагогикалық оқулары өтеді.

Республикалық педагогикалық оқулар Қазақстанның рухани жаңғыру бағытында ұлттық сананы қалыптастыру, қазақстандық жаңартылған білім беру моделін құру, білім берудің жаһандану жағдайында педагогикалық кадрларды кәсіби дайындаудың теориялық-әдіснамалық негіздерін қарастыруды мақсат етіп отыр. Сондай-ақ, жиында ғаламдық бәсекелестік ортадағы заманауи білім берудің жаңа парадигмалары аясында зияткер тұлғаны қалыптастыруда инновациялық озық іс-тәжірибені үйрену, педагогтың шығармашылық әлеуетін жетілдіру, оқытудың ғылыми-әдістемелік деңгейін және білім сапасын арттыру жолдарын қарастыру бойынша жұмыстар жасалады.

I республикалық педагогикалық оқулар Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаевтың Қазақстан халқына кезекті Жолдауындағы: «Барлық жастағы азаматтарды қамтитын білім беру ісінде өзіміздің озық жүйемізді құруды жеделдету қажет. Білім беру бағдарламаларының негізгі басымдығы өзгерістерге үнемі бейім болу және жаңа білімді меңгеру қабілетін дамыту болуға тиіс. … Педагогтарды оқыту және олардың біліктілігін арттыру жолдарын қайта қарау керек болады» — деп көрсетілген 7-ші басым бағытының идеяларын жүзеге асыруға бағытталған.

Сонымен қатар, шара аясында «Пәннің үздік оқу-әдістемелік кешені (үздік портфолио)», «Үздік оқулық (оқу құралы, оқу-әдістемелік құрал)», «Үздік электронды оқулық», «Үздік мультимедиалық өнім», «Үздік инновациялық сабақ (тәрбиелік іс-шара)», «Үздік инновациялық жоба», «Үздік авторлық бағдарлама», «Үздік мастер класс» аталымдары бойынша байқаулар өткізіледі. Ұйымдастырушылар бұл арқылы жаңашыл мұғалімдердің инновациялық озық іс-тәжірибені үйрену, зерттеу, тарату, насихаттау және жинақтауына жол ашып, креативті-шығармашылық әлеуетін жетілдірмек.

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support