- Advertisement -

Н. Нұржігітов басқарма басшысы болып тағайындалды

282

- Advertisement -

Жамбыл облысы әкімінің 2018 жылғы «23» ақпандағы №46-Ж/Қ өкімімен Нұржігітов Нұржан Молдиярұлы Жамбыл облысы әкімдігінің табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының басшысы болып тағайындалды. 

Нұржан Молдиярұлы Нұржігітов 1967 жылы туған, білімі жоғары. 1991 жылы Еңбек Қызыл Ту орденді Ленинград ауылшаруашылық институтын «инженер-механик» және 2008 жылы Жамбыл гуманитарлық — техникалық университетін «экономист» мамандықтары бойынша бітірген.

1991-1996 жылдары Жуалы ауданы М.Горький атындағы колхозда механик, бас инженер, 1996-2006 жылдары Жуалы ауданы әкімі аппаратында маман, бас маман, бөлім меңгерушісі, 2006-2008 жылдары Жуалы ауданы әкімдігінің кәсіпкерлік бөлімінің басшысы, 2008-2011 жылдары Жамбыл облысы әкімі аппаратында облыс әкімінің бас иснпекторы, бөлім басшысы, 2011-2015 жылдары ҚР Мемлекеттік қызмет істері Агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаменті басшысының орынбасары, басқарма басшысы, 2015-2018 жылдары Жамбыл облысы әкімдігінің ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы қызметтерін атқарған.

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support