- Advertisement -

Жамбылда 58 мың шағын және орта кәсіпкерлік субъектісі бар

134

- Advertisement -

Жыл басындағы санақ бойынша Жамбыл облысында жұмыс істеп тұрған шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің саны 58 мың бірлікті құрап отыр. Олардың жалпы саны 9 пайызға арттқан. Бұл туралы Жамбыл облысының әкімі Асқар Мырзахметов халық алдында берген есебінде мәлімдеді.

Шағын және орта кәсіпкерлік субъектілері тарапынан 285 млрд.теңгенің өнімі өндіріліп, өсім 0,7 пайызды құраған.

Екінші деңгейдегі банктер арқылы 26 млрд.теңге несие берілген. «KMF» микронесиелік ұйымы» 19 млрд.теңгеге (43,1 мың несие), ауылдық несиелік серіктестіктер шаруаларды 2 млрд.теңгеге несиелендірген.

Саладағы статистикалық көрсеткіштерге жақсы баға берген А. Мырзахметов шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің сапасына да терең талдау жүргізу қажет екенін айтты.

Бұл ретте, жергілікті жерлерде шағын және орта деңгейдегі қайта өңдейтін кәсіпорындарға қолдау көрсетіп, кәсіптердің бағыттарын әртараптандыру маңызды.

Осы жұмыстарды жүйелендіру үшін өнеркәсіп саласының аймақтық Картасында нақты көрсеткіштер түзіп, оны іске асыруды қазірден бастап қолға алуымыз қажет. Бұл жөнінен тиісті тапсырма берілді. Ендігі жерде, әкімдер мен басқармалардың өндірісті дамытудағы жұмыстары осындай индикаторлар арқылы бағаланатын болады, – деді аймақ басшысы.

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support