- Advertisement -

Бір жылда 129 заң бұзушылық

101

- Advertisement -

Облыстық бюджеттен табиғат қорғау шараларына 721,5 миллион теңге қарастырылып, оның 688,2 миллион теңгесі игеріліпті. 2017 жылдың қорытындысы бойынша табиғат пайдаланушылардан бюджетке түскен қоршаған ортаға эмиссиялар төлемдері 2,6 миллиард теңгені құраған. 93 табиғат пайдаланушыға тексеру жүргізілген. Оның ішінде 27-сі іріктеп тексеру, 50-і жоспардан тыс, 16-ы бақылаудың басқа түрі бойынша тексерулер. Бұл туралы облыстық экология департаменті басшысының орынбасары Ерлан Қойшыбаев брифингте баяндады.

Департамент тарапынан жүргізілген тексерулер нәтижесінде 129 бұзушылық дерегі анықталып, кемшіліктерді түзеуге 122 нұсқама берілген. Қосымша есеп кезеңінде бұрынғы жылдары шығарылған 19 сот шешімдері бойынша 78,2 миллион теңге өндіріліпті.
Баяндамашы бүгінде Тараз қаласында 317 тұрмыстық қатты қалдықтарды уақытша сақтау алаңдарында пластмасса және пластикалық бұйымдар үшін 347 торлы контейнер қойылғанын хабарлады. Ал жарамсыз, құрамында сынабы бар электр шамдары, химиялық қуат көздері мен батареялар үшін 30 жабық контейнер орнатылған.
Өткен жылы департамент жанынан құрылған экологиялық сарапшылық кеңесінің 4 отырысы өткізіліп, онда «Қазфосфат» компаниясының «Минералды тыңайтқыш зауыты», «Қаратау» тау-кен өңдеу кешенінің «Орталық» кен орны, «Көксу» кеніші және «Біріккен өнеркәсіптік алаңы», «Еурохим-Тыңайтқыш» компаниясының Аралтөбе және Кесіктөбе кен орындары үшін жобалар қаралған. Нәтижесінде ластану көздерінен ауаға шығарылатын шығарындылар эмиссиялары тапсырыс берушілердің сұраған көлемінен 7,2 мың тоннаға азайтылыпты.

Қарлығаш Есбергенова

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support