- Advertisement -

Наурызда он үш күн демалыс

144

- Advertisement -

Қазақстан халқы наурыз айында, мереке күндерін қосқанда, 13 күн демалады.

Биыл 8-наурыз мерекесі бейсенбі күнге тура келеді. 9-наурыздағы жұмыс күні Үкімет қаулысымен 3-наурыз, сенбіде өткізіледі. Осылайша, қазақстандықтар 8-наурыздан 11-іне дейін – төрт күн демалады. Бұл бес күндік еңбек аптасымен жұмыс істейтіндерге қатысты.
Еңбек кодексі 85-бабының 3-тармағына сәйкес, мереке күндері жұмыс уақытын тиімді пайдалану мақсатында Үкімет демалыс күндерін басқа жұмыс күндеріне өткізуге құқылы. Наурыздың 21-інен 23-іне дейін – сәрсенбі, бейсенбі, жұма күндері елде Наурыз мейрамы тойланады. Демек, қазақстандықтар ол аптада қатарынан бес күн, ал жалпы 4, 17, 18 және 31-наурыздағы демалыс күндерін қоса есептегенде, Қазақстан халқы көктемнің алғашқы айында 13 күн демалады.

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support