- Advertisement -

Қазақ күресінен 5 алтын бұйырды

133

- Advertisement -

Ақтау қаласында қазақ күресінен 1998-2000 жылы дүниеге келген ұл-қыздар арасында ел чемпионаты өтті. Додаға еліміздің барлық облыстарынан кілең «сен тұр, мен атайын» деуге лайық саңлақтар қатысты. Содан да болар, Қазақстан чемпионатындағы әрбір белдесу тартысқа толы болды. Жалпы 350 балуан топқа түскен ел біріншілігінде жамбылдық жампоздар жасындай жарқырап, бес спортшымыз жеңімпаз атанды. Бұл, әрине, үлкен табыс.
60 килограмм салмақ дәрежесінде сынға түскен жерлесіміз Омар Керімов, 74 килограмм салмақта белдескен Айдар Бескемпір, 90 килограмм салмақ дәрежесіндегі оғланымыз Ізбасар Ералиев, 100 килограмнан жоғары салмақта боз кілемге шыққан Ғанибек Медиманов қарсыластарын алып та, шалып та жығып, өздерінің шын мықты екендіктерін дәлелдеп, жарыс жеңімпазы атанса, арулар арасында бақ сынаған 57 килограмм салмақтағы Арай Ахан да қарсылас шақ келтірген жоқ. Осылайша жерлестеріміз өздерінің нағыз бабында екенін көрсете білді.
Ел чемпионатында өзге балуандарымыз да жүлдегерлердің қатарынан көрінді. Мәселен 60 килограмм салмақта өнер көрсеткен Нұр Аманшүкіров күміс жүлдені иеленсе, 55 килограмдағы үкілі үмітіміз Ернұр Сүлеймен, 82 килограмм салмақтағы сайыпқыранымыз Дәулет Ахмет қола жүлдеге қол жеткізді. Сондай-ақ арулар арасындағы бәсекеде жұлдызы жанған (78 килограмм салмақ дәрежесінде) Перизат Ералиева да қола жүлдені мойнына ілді.

Табиғат АБАИЛАЕВ

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support