- Advertisement -

Боксшылар бәсекесі басталды

117

- Advertisement -

Тараз қаласындағы «Тараз–Арена» спорт кешенінде КСРО спорт шебері, даңқты жаттықтырушы болған Кеңес Омаровты еске алуға арналған бокстан жастар арасындағы халықаралық турнир басталды.
Жарыстың салтанатты ашылу рәсімінде облыс әкімдігі дене шынықтыру және спорт басқармасы басшысының орынбасары Нұржан Жолдасбеков сөз сөйлеп, бокс спортының дамуына өлшеусіз үлес қосқан Кеңес Омаровтың елеулі еңбегі ел жадында мәңгі сақталатынын айтып өтті. Бұдан соң бүгінде кәсіпқой бокс әлемінің жұлдызына айналған, WBA (super), WBC, IBF, IBO тұжырымдары бойынша орта салмақ дәрежесінде әлем чемпионы Геннадий Головкиннің әуесқой бокстың қыр-сырын меңгеруіне кезінде қомақты үлес қосқан жаттықтырушы, белгілі бапкер Ғалым Кенжебаев сөз алып, жарысқа қатысушыларға сәттілік тіледі.
Бірнеше күнге созылатын дода барысында сайыпқырандар 11 салмақ дәрежесінде сынға түседі. Халықаралық жарысқа Өзбекстан, Қырғыз, Тәжікстан елдерінен, сондай-ақ еліміздің 14 облысы мен Алматы, Астана қалаларынан 210 боксшы қатысып жатыр. Кіл мықтылар бірнеше күннің бедерінде анықталатын болады. Турнир қорытындысы туралы газетіміздің алдағы сандарында толығырақ жазамыз.

Табиғат АБАИЛАЕВ

Суреттерді түсірген Ақәділ Рысмахан

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support