- Advertisement -

Facebook қызықты топтарға 10 млн доллар грант береді

115

- Advertisement -

Алматы. 13 ақпан. 7kun.kz — Facebook әлеуметтік желісінің негізін қалаушы Марк Цукербергтің айтуынша компания, Facebook-тағы ең қызықты топтарға  грант негізінде 10 млн доллар беруге дайын, деп жазды hi-news.ru.

Әдеттегідей, бұл сома бірнеше жеңімпаздарға бөлінеді. Қызықты болып саналған 100-ден астам пабликтердің әрқайсысына 50 000 АҚШ доллары беріледі. Ал, ең табысты және қызықты топтарға 5 данадан 1 млн доллар табысталады. Бұл туралы Цукерберг Reuters-ке берген сұхбатында айтқан.

«Мұның барлығы бүкіл әлем мен барлық пайдаланушыларды біріктіру үшін қажет. Ал, ең бастысы – қызықты бағыттарды кеңінен дамытуға және миллиардтаған адамдардың қызығушылығына қарай әртүрлі топтарға қосылуына көмектесу», – деді ол.

Цукербергтің әріптесі Дженнифер Дальскийдің айтуынша, тұрғылықты жері мен жазылушылар санына қарамастан, конкурсқа кез келген адам қатыса алады. Жеңімпаздарды тәуелсіз сарапшылар тобы және Facebook қызметкерлері таңдайды.

Қания Табыс 

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support