- Advertisement -

Ғажайып ғимараттар

161

- Advertisement -

Ең үлкен құлтемір піл

Францияның Нант қала­сында ең алып құлтемір піл бар. Салмағы – 45 тонна, биіктігі – 12 метр. Үш қабатты пілге 50-55 адамға дейін сыяды. Ал оның қимылын ішінде отырған 22 адам қадағалайды.

Жобаны Пьер Орефис пен Франсуа Деларозье ойлап тауып, «Нант аралының көліктері»
деп атаған.

Гуггенхайм мұражайы

Гуггенхайм көркемөнер мұражайы Испанияның Бильбао қаласында орналасқан. Мұражайда тұрақты экспозициялар орналасқан, сонымен бiрге испандық және шетел суретшілерінің уақытша көрмелері өткiзiледi.

Мұражайдың ғимаратын американ-канадтық сәулетші Фрэнк Гери жобалаған. 1997 жылы бұл сәулет өнерін Филипп Джонсон «біздің уақытымыздың ең зор ғимараты» деп атады.
Өзеннің бойында орналасқан ғимарат ғаламшараралық саяхаттарды жасауға арналған футуристикалық кеменiң абстрактті идеясын iске асырады. Сонымен қатар, оны құспен, ұшақпен, суперменмен, бөрікгүлмен және жалбыраған раушан гүлімен салыстырады.
Биіктігі 55 метрлік орталық атриумы әртүрлi экспозициялар үшiн көрме залдарының анфиладасы иiлген гүл жапырақшалары тарқайтын алып металды гүлге ұқсайды. Ғимараттың жалпы ауданы 24 мың шаршы метр титанды парақтармен қапталған.

Луи Нюсер кітапханасы

Францияның Ницце қаласында әлемдегі ешбір ғимаратқа ұқсамайтын сәулетімен ерекшеленетін Луи Нюсер кітапханасы бар. Оның жоғарғы бөлігі үлкен төртбұрышты бас кейпінде салынған. Жобалаушы және жүзеге асырушы Ива Байяра мен Франсиса Шапю есімді белгілі екі архитекторға тиесілі. Кітапхана 2002 жылы ашылып, содан бері жергілікті халықты ғана емес, әлем туристерін де тамсандырып келеді.
Кітапхананың негізгі атауы «La Tete au Carre», қазақшаға аударғанда «қорап ішінде ойлау» дегенді білдіреді. Ал Луи Нюсер деп Ницце қаласында ХХ ғасырда өмір сүрген жазушының құрметіне аталып кеткен. Төртбұрыштың ішінде негізінен әкімшілік бөлімдер орналасқан. Ал оқырмандар залы мен кітап қоры сақталатын қойма жанындағы бөлек ғимаратта.
Кітапхана сейсенбі-жексенбі күндері жұмыс істейді.

Әзірлеген Эльвира Жарылқасынова

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support