- Advertisement -

Үздік ұстаздардың электронды жинағы шығады

113

- Advertisement -

Республикадағы үздік педагогтар бірнеше кезеңде өтетін байқау арқылы анықталатыны белгілі. Негізгі міндет – ұстаз мәртебесін арттыру әрі олардың жаңашыл идеяларын жүзеге асыруға қаржылай қолдау көрсету.

Жаңа әдістемелерді меңгерген мұғалімдердің жұмысын насихаттауды көздеген шаралар мұнымен шектелмейді. Қазақстан педагогикалық ғылымдар академиясының ұйымдастыруымен жыл сайын тәуелсіз сарапшылар баға беретін байқау өткізіліп тұрады. Биыл V республикалық тәуелсіз қоғамдық «Үздік ұстаз» байқауында еліміздің әр аймағынан қатысқан үміткерлер бақтарын сынады. Бір атап өтетіні, осы бәсекеде Жуалы, Меркі, Қордай, Т.Рысқұлов, Байзақ аудандарынан қатысқан үміткерлер С.Алиев, Н.Досжанова, Л.Киер, Ж.Қуандықова, М.Мамбетниязова, А.Разакова, Б.Смағұлова, К.Сраилова, Ш.Ермаханбетова, Р.Берметова, Е.Трусбаева, А.Бозтаева, Ж.Диханбаева, К.Накисбаева, Г.Усина жеңімпаз атанып, арнайы «Үздік ұстаз» төсбелгісімен және куәлік, сертификаттармен марапатталды.
Байқаудың негізгі мақсаты – жоғары нәтижелерге қол жетізген ұстаздарды анықтап, олардың іс-тәжірибесін кеңінен тарату. Сондықтан білім мен біліктілігі сынға түскен мұғалімдердің жазған сараптамалық есептері жарыстан кейін арнайы электронды жинақ болып шығарылып, өздеріне табысталды.

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support