- Advertisement -

Қазақ поэзиясының Хантәңірі

168

- Advertisement -

Д.Қонаев атындағы облыстық балалар мен жасөспірімдер кітапханасы және Жамбыл аудандық орталықтандырылған кітапханалар жүйесінің Ақбұлым ауылдық кітапханасы бірлесіп, «Мұқағали – қазақ поэзиясының Хантәңірі» тақырыбында әдеби-сазды кеш өткізді. Оған ауылдағы Б.Беспаев атындағы орта мектептің мұғалімдері мен оқушылары қатысты.
Іс-шараны Д.Қонаев атындағы облыстық балалар мен жасөспірімдер кітапханасының директоры Гүлфайруз Іңкәрбекова ашып, Мұқағали жырларының тереңдігіне тоқталды. Бұдан соң Б.Беспаев атындағы орта мектеп мұғалімдері Айнұр Кәрімбаева, Рабиға Сырғабаева сөз сөйлеп, ойларын ортаға салды.
Әдеби-сазды кеш ақынның өлеңіне жазылған «Саржайлауым» әнімен аяқталып, Ақбұлым ауылының тұрғындары кітапханаға «Туған жер» атты ескерткіш-нобайын сыйға тартты. Бұл күні қазақ поэзиясының алдаспаны Мұқағали Мақатаевтың отты жырлары оқылды. Залға жиналғандар ғасыр ақынының ғаламат өлеңдерінен ерекше әсер алғаны анық. Соңынан көпшілік «Ақиық ақын – Мұқағали» тақырыбында кітап көрмесін тамашалады.

Әзиза Әбдірайымова,
М.Х.Дулати атындағы
ТарМУ-дың студенті

Жамбыл ауданы

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support