- Advertisement -

Ықыластың қобызы

179

- Advertisement -

ХІХ ғасырдың екінші жартысы, ХХ ғасырдың басында өмір сүрген қобызшы, күйші, сазгер Ықылас Дүкенұлының қобызы – бүгінде Жамбыл облыстық тарихи-өлкетану музейінің құнды жәдігерлерінің қатарында. Ел аузындағы аңыздарға сүйенсек, күйші қобызды өз қолымен ойып жасап, күй тартқан деседі. Қаншама жылдар өтсе де осы қасиетті қобызды ұрпақтары қастерлеп, отбасының киелі, қасиетті заты ретінде қалпын бұзбай сақтап келген.
Құнды жәдігерді музей қорына өткізген – Сарысу ауданы, Жайлаукөл ауылының тұрғыны, қобызшының шөбере келіні Алтын Ақынбаева. Қорқыт бабаның өнерін қайта тірілткен ұлы сазгер-қобызшы Ықылас Дүкенұлының қара қобызына әуелі кіші ұлы Ақынбай мен келіні Рәзия иелік еткен. Ақынбай қайтыс болған соң, Рәзия әже ХХ ғасырдың 80-жылдарына дейін қобызды ешбір жанға ұстатпай, көлденең көзден тығып сақтап келген. Ол да өмірінің соңында қымбат жәдігерді ұлы Дәулет пен келіні Алтынға аманаттайды. Қобыздың ерекше қасиеті сол, оқыс жағдайда көне аспаптың ішегі қатты дыбыс шығарып, белгі беретін көрінеді. Қасиетті жәдігер халықтың мұрасына айналып, тарихымыз бен мәдениетімізді насихаттап отырған облыстық тарихи-өлкетану музейінің қорына 2008 жылы қабылданып, музей экспозициясында сақталып келеді.

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support