- Advertisement -

Мойынқұмдықтар енді ауызсуға алаңдамайды

177

- Advertisement -

Мойынқұм аудандық «Мөлдір» коммуналдық кәсіпорны облыстық «Aq jol» газетінің 03.02.2018 ж. №14 санындағы «Мойынқұмдықтар арықтан су ішіп отыр» мақаласына орай төмендегідей жайды хабарлайды.
Шындығында, қаңтар айының аяғында қыс қаһарына мініп, оған жел қосылып, қатты суық болғандығы рас. Сол мезетте құмдағы ауылға су айдап тұрған терең ұңғымадағы сораптар істен шығып, біреуі апатты жою бригадасының күш салуымен қалпына келтіріліп, іске қосылды. Дегенмен 3 күн Абылайхан көшесінің басы, Балуан шолақ, Тайбағаров көшелеріне су жетпеді. Бұл көшелерге 2 су тасымалдайтын көлікпен ауызсу тұрғындарға тегін таратылып берілді. Жұмыла жұмыс істеудің арқасында ақпан айының 4-і күні апатты жағдай толық қалпына келтірілді. Қазіргі таңда ауызсу өз уақытымен берілуде.

Мақсат Жылыбаев,
«Мөлдір» КМК-нің директоры

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support