- Advertisement -

Шәкірті ұстазына басшы болды

108

- Advertisement -

Бокстан Афины Олимпиада­сының чемпионы, Вэл Баркер кубогінің иегері, әлем чемпионатының қола жүлдегері, жерлесіміз Бақтияр Артаев «Астана арландары» бокс клубының басшысы қызметіне тағайындалды.
Талай аламандарда атой салған спортшы түрлі деңгейдегі мемлекеттік қызметтерді атқарып, басшылық қызметте әбден ысылғаны баршаға мәлім. Ұлыбританияда білімін толықтырып келген Бақтиярдың жаңа қызметті ұршықтай иіріп әкететіні күмән тудырмайды. Бұған дейін «Астана арландарын» Олимпиада чемпионы Серік Сәпиев, Болат Манкенов сынды білікті мамандар басқарса, соңғы кезде Саят Әбілдин тізгінді қолға алған еді.
Бақтиярдың келуімен «Астана арландарының» жекпе-жек кештері Таразда өте ме екен? Бұған дейін «Тараз – Арена» спорт кешенінде сүйікті командамыз сапындағы сайыпқырандардың шайқасын тамашалаған жанкүйерлерді шын мәнінде осы сауал қызықтырса керек…
Енді «Астана арландарында» шәкірті ұстазына басшылық ететін болды. Иә, аталмыш клубтың бас бапкері Бақтияр Артаевты боксшы ретінде биік белестерге бастаған – тағы бір жерлесіміз, жаттықтырушы Нұрлан Ақүрпеков. Ұзақ жылдардан кейін қайта тандем құрған Артаев пен Ақүрпеков қазақстандық команданы жарқын жеңістерге бастайды деп сенеміз.
Ағымдағы маусымның топтық кезеңінде ресейлік, қытайлық, үндістандық командаларға қарсы шаршы алаңға шығатын жойқын жұдырық иелеріне толайым табыс тілейміз!

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support