- Advertisement -

Кооператив бар, ғимараты жоқ

77

- Advertisement -

Аудан әкімінің ауылдық округ тұрғындарымен есепті кездесуі Байқадам ауылдық округінде өтті. Формальді формадан арылған жиында ашық пікірлер мен ұсыныстар тыңдалып, қаптаған цифрлар тізбектелген жоқ.

Былтыр өнеркәсіпте де, ауыл шаруашылығы саласында да ілгерілеушіліктер байқалған. Әсіресе егістік жерді тиімді пайдалану жолға қойылды. Алқаптарға тамшылатып суару технологиясы енгізілді. Жыл өткен сайын шаруалар да суды үнемді пайдалану егіс шығымдылығын арттыратынына көзі жете түсуде. Ал бұл өз кезегінде тұрғындардың әл-ауқатын көтерді. Моноқалаларды дамытудың үкіметтік бағдарламасы жүзеге асырылып, ауызсумен қамту мәселесі оң шешімін тапты. Дегенмен алда шешімін күтіп тұрған қадау-қадау мәселелер бар. Олар: барлық саланы цифрландыру, ұсақ шаруашылықтарды ауыл кооперативтеріне біріктіру, азық-түлік өнімдерін қайта өңдеу үшін кәсіпкерлікті дамыту сияқты шаруалар.
Есепті баяндаманы тыңдаған соң тұрғындар ауданның экономикалық-әлеуметтік салаларын одан ары дамытуға байланысты өз ойларын, ұсыныстарын ортаға салды. Мысалы ауданның Құрметті азаматы Бердібек Иманбеков ауылда өндірістік кооперативтің құрылғанын, мақсаты айқын, бизнес жоспары жасалғанымен, ғимараты жоқтығы қол байлау болып отырғанын жеткізді. Сондай-ақ «Ынталы» су қоймасынан егістік алқаптарына тартылған лотоктарды қайта жаңғырту туралы мәселе көтерді. Аудан әкімі кооперативтің толыққанды жұмыс істеуіне қолдау көрсетілетінін, биыл «Ынталы» және «Бүркітті» су қоймаларына күрделі жөндеу жүргізілетінін, сол кезде лотоктар қайта жаңартылатынын айтты.
Ауыл тұрғыны Сейтқадыр Әбдіқалықов жыл сайын егістікте шегірткелер каптайтынын сөз етіп, оның ошақтарын тауып жойса, сонымен қатар елді мекендегі бос тұрған үйлерді жөндеп, жолдамамен ауылға келген жас мамандарды баспанамен қамтыса деген тілегін жеткізді. Ал ауданның Құрметті азаматты Орынтай Дүйсенов ауылдағы аурухананың жағдайы сын көтермейтінін қозғап, су, кәріз жүйелерінің істен шыққанын айтты. Аурухананы дербес мекеме етіп, білікті кадрлармен қамтамасыз етуді ұсынды.

Сәулембай Әбсадықұлы,
журналист

Сарысу ауданы

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support