- Advertisement -

Аққұтан Құланда қайдан жүр?

624

- Advertisement -

Луговой ауылының солтүстік-батыс жағы – кішірек ағып жатқан суы бар және жиде ағаштары мен тал-терегі қалың табиғаты ерекше жер. Содан болар, көктем, күз айларында бұл аймақтан жиі кездесе бермейтін құстарды көзіміз шалып қалатын. Ал жақында інім сол қалың ағаштар арасынан аққұтан тауып алыпты. Аяз қысып тұрған шақта құс та әбден тоңып, әлсіреп қалыпты. Құсты үйге әкеліп, жылы жерге қойдық. Күн жылыған соң қайта жібермек ойдамыз.
Көбінде бұл құс Жайық бойын, Қамыс-Самар өзендері мен Балқаш-Алакөл ойысында жатқан көлдерді мекендейді екен. Жыл құсы саналатын бұл құс наурыз айында ұшып келіп, қазан айында жылы жаққа қайта ұшып кететін көрінеді. Кейбір аққұтандар Қазақстанның оңтүстігіндегі қатпайтын өзендердің бойында қыстап та қала береді деген деректер де бар. Бірақ біз тұратын ауылда айтарлықтай үлкен өзен де, көл де жоқ. Бұл аққұтан қақаған қыста Құланға қайдан келген?

Камила Борашова

Т. Рысқұлов ауданы

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support