- Advertisement -

Ауылдағылар ауырмайды деп кім айтты?

96

- Advertisement -

Қордай ауданының әкімі Б.Байтөле Қаракемер ауылында жиылған қауым алдында өткен жылы атқарылған жұмыстар жайында есебін беріп, өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуы мен ағымды жылы алға қойылған мақсат-міндеттерін баяндады.
Аудан басшысы өз баяндамасында былтыр округте халықтың тұрмысын жақсартуға бағытталған шараларды тілге тиек етті. Сұрақ-жауап кезегінде тұрғындардың айтар ұсынысы мен тілектері де болды. Мәселен, шеткі көшеде тұратын ауыл азаматы Т.Тілеубердиев электр бағаналарының жайын қозғап, осы мәселе қолға алынса деген ойын ортаға салды. Оған Б.Байтөле: «Мұның еш қиындығы жоқ. Осы іспеттес ауылішілік мәселелерді шешуге округтің өз қаражаты бар. Ауыл әкімімен бірлесе қаржыны тиімді пайдаланып, кезегі келген проблеманы шешуге болады», – деді. Тұрғындардың үй салуға жер алу бойынша сұрағына ауыл әкімі жерге кезектің жоқтығын, тек арнайы өтініш жазып, ауыл әкімдігіне қайырылса, берілетін жердің дайын екенін алға тартты. С.Оразалиев есімді ауыл тұрғыны Қаракемерге медициналық амбулатория керектігін айтты. Аудандық аурухананың бас дәрігерінің орынбасары Э.Заманов бұл сұрақ бойынша облысқа хат жолданып, оған арнайы жер телімі бөлінгенін жеткізді. Ендігі кезекте мәселенің облыс тарапынан оң шешілуін күту ғана қалғаны белгілі болды. Сондай-ақ тұрғындар тарапынан егін егуге қажетті ауыл шаруашылық техникаларын алуға қолғабыс етуді сұрады. Бұған аудан әкімі Б.Байтөле ауыл шаруашылық техниканы айтарлықтай жеңілдікпен алуға болатынын, осы орайда көптеген мемлекеттік бағдарламалардың барын тілге тиек етіп, аталмыш жайтқа қатысты толықтай түсініктеме берді. Сондай-ақ өз сөзінде аудан басшысы ауылда құрылған жергілікті қауымдастық өкілдерін белсенді жұмыс жасауға шақырды. Басқосу соңында тұрғындар өткен жылы атқарылған жұмысқа оң бағасын беріп, ағымдағы жылы игі істер жалғасын табатынына сенім білдірді.

Қордай ауданы

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support