- Advertisement -

Жақсының шарапаты

111

- Advertisement -

Сіз өз туған жеріңіз үшін не істедіңіз? Атамекен алдындағы өтеуіңізді қайтардыңыз ба? Әрине, мұндай тосын сұраққа кез келгеніміз тосырқап қалатынымыз жасырын емес. Себебі еліне деген сүйіспеншілігін игі істерімен өтеп, туған жерге туын тіккен жандар бар әрине, бірақ саусақпен санарлық.
Сол санаулылардың қатарындағы азаматтың бірі – Жуалы ауданы, Дихан ауылының тумасы, Қазақстан Ұлттық жаратылыстану ғылымдары академиясының академигі, ҚР Білім беру ісінің құрметті қызметкері, психология ғылымының докторы, профессор Мұхан Перленбетов. Бірегейлер қатарына қосып отырған себебіміз, Мұхан Әтенұлы қашанда туған жерінен қол үзген емес. Шәкірт тәрбиелеудегі аса жауапкершілікті ісінен бөлек, еліне тамшыдай болса да пайдасын тигізуге асығатын парасатты да жомарт жан.
Мәселен, ол туған ауылындағы №27 Дихан орта мектебіндегі оқушылардың білімге деген құлшынысын арттыру мақсатында 2012 жылдан бері әр ай сайын 3 оқушыға 5 мың теңгеден үзбей шәкіртақы төлеп келеді. Мектебімізде өткізілген әрбір іс-шараға, «Мектепке жол», «Қамқорлық» сынды акцияларға ұдайы қатысып, демеушілік көрсетуді азаматтық парызы санайды. Мәселен, былтыр 16 желтоқсан – Тәуелсіздік күніне орай өткізілген қайырымдылық іс-шарасында да М. Әтенұлы 3 оқушыға бағалы мерекелік сыйлықтар тарту етті.
Былтыр ғана «Жуалы ауданының Құрметті азаматы» атағы берілген жомарт жанға алғыстан басқа айтарымыз жоқ.

Айман БАТЫРБАЕВА,
тарих пәнінің мұғалімі
Айнұр ӘБДІРАХМАНОВА,
әлеуметтанушы

Дихан ауылы
Жуалы ауданы

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support