- Advertisement -

Дадабаевқа дән риза

155

- Advertisement -

Біз тұрып жатқан үй 1964 жылы пайдалануға беріліпті. Одан бері де жарты ғасырдан асып кетті. Көпшілік тұрғындардың келісімімен осы үйдің «үй ағасы» болып сайланғанмын. Жауап­кершілік жүктелген соң, оны атқару – міндетіміз. Дегенмен
қыс мезгілінде жұмыстар көбейіп кетеді. Құбыр жарылады,
су кетеді дегендей, басқа да қиындықтар туындап жатады.

Жақында Т.Рысқұлов көшесіндегі №2 үйімізге келетін ыстық су құбыры шатырдан түскен қар салмағына шыдамай жарылып кетті. Ыстық су жоғары атқылағанда үшінші қабатқа дейін жетті. Ертерек қимылдамаса мұның зардабы ауыр болатынын сезініп, аудан әкімінің орынбасары Серік Дадабаевқа телефон соғып, мән-жайды баян еттім. Лезде «Игілік» және «Таза су» кәсіпорындарынан апатты ауыздықтауға арнайы мамандармен бірге аудан әкімі орынбасарының өзі де келіп жетті. Бірден аспанға атқылаған су тоқтатылып, жаңа құбыр тартылды. Көп ұзамай үйге су берілді.
Біз көбіне қиын жағдайда қалған жұртқа шұғыл көмек қолын созу аудандық әкімдіктің міндеті деп жатамыз. Алайда қаңтардың қалың қары мен қақаған суығында аудан басшыларына да оңай соқпағанын ойлай бермейміз. Жабылып қалған жолды тазалау, көп қабатты тұрғын үйлер мен жеке секторды үздіксіз жылу, ауызсу және электр қуатымен қамтамасыз етілуін жіті қадағалап, басшылық жасау, елді мекендердің хал-ахуалын назарға алып отыру оңай шаруа емес. Міне, қыс қыспаққа алған сондай қиын-қыстау кезде бір ғана телефон қоңырауымен тиісті құрылымдарды тікелей өзі басқарып келіп, апатты тез арада жоюға ықпал еткен Серік Ералыұлына көп қабатты үйдің тұрғындарының ризашылығын жеткізсем деймін.

Алима ЖҰМАБАЕВА,
Қаратау технология, білім және
бизнес колледжі тарих пәнінің оқытушысы

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support