- Advertisement -

Жаңашылдыққа ұмтылу жетістікке жетелейді

219

- Advertisement -

Елбасының Жолдауында жаңа технологиялық қалып бойынша балаларымыздың тәрбиесіне заман талабына сай түбегейлі өзгеріс енгізілмекші. Бұл өз кезегінде алпауыт елдердің озық әдістерімен іс-тәжірибе алмасу арқылы дамыған отыз елдің қатарына қосылуға мүмкіндігіміз зор. Бұл тұрғыда білім беру саласындағы қажетті ұзақ мерзімді мақсаттарымыз айқын. Елбасының биылғы Жолдауында он негізгі міндеттердің жетіншісі адами капитал-жаңғыру негізі білім саласына бағытталған.
Елбасы жаңа Жолдаудың жетінші бағытында «2019 жылдың 1 қыркүйегіне қарай мектепке дейінгі білім беру ісіне балалардың ерте дамуы үшін өз бетінше оқу машығы мен әлеуметтік дағдысын дамытатын бағдарламалардың бірыңғай стандарттарын енгізу қажет» деп атап көрсетті. «Тәрбие – тал бесіктен» демекші, Президенттің бұл талабын өрлеу жолына бастайтын қадам деп есептейміз.
Бұл орайда мен басшылық жасайтын білім мекемесінің де жеткен жетістіктері аз емес. Биыл «Қазтест» қазақ тілді интернет сайтының ұйымдастыруымен онлайн байланыс арқылы педагогтердің біліктілігін арттыру бойынша өткен республикалық байқаудан 8 педагог және тәрбиешіміз жүлдегер атанып отыр. Бұл – ақпараттық технологияға көшуге үлес қосуға біздің балабақшада негіз бар деген сөз.
Заман көшінен қалмай біліктілігімізді шыңдап, жаңашылдық танытсақ бағындырар белестеріміз жемісті бола береді. Жас ұрпақтың саналы да білімді болып өсуі үшін бар күш-жігерімізді жұмсап, жұмыла жұмыс жасаймыз.

Айгүл Құдайбергенова,
«Ақбота» бөбекжай-бақшасының меңгерушісі

Көгершін ауылы,
Т.Рысқұлов ауданы

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support