- Advertisement -

Тың идеялар диалогі

119

- Advertisement -

Елбасы Н.Ә.Назарбаев «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласында табысты болудың ең маңызды факторы – білім екенін атап көрсетіп, білім беру бағдарламаларын жаңғыртуды міндеттегені белгілі. Оқытуда жаңғыртуға қадам басу үшін алдымен педагогикалық идеялар жаңаруы тиіс. Осыған байланысты облыстық балалар мен жасөспірімдер кітапханасында «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» акционерлік қоғамының облыстық филиалы облыс ұстаздарын «Педагогикалық идеялар панорамасы» диалог алаңына шақырды.
Диалог алаңында аталған филиалға қарасты педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институтының өкілі, педагогика ғылымдарының кандидаты Жұлдыз Өскенбаева сөз сөйлеп, жас ұрпақты патриоттық және рухани адамгершілікке тәрбиелеу, озық педагогикалық тәжірибелер мен инновациялық идеяларды жүзеге асыру мәселелерін қозғады.
Басқосуда облыстық дарынды ер балаларға арналған «Білім-Инновация» мектеп интернатының физика пәнінің мұғалімі Ержан Жұмаділов «Мен қазіргі заман педагогімін» тақырыбындағы өз идеяларымен бөлісіп, сабақта қолданған әдістерін таныстырды. Ол оқушыларымен бірге әр отбасында энергияны үнемдеу бойынша зерттеу жүргізіпті, нәтижесінде сол шәкірттердің үйінде энергияны пайдалану бұрынғыдан едәуір азайыпты.
Диалог алаңында ерекше дарынды балаларға арналған облыстық «Дарын» мектеп-интернатының ағылшын тілі пәнінің мұғалімі Сәуле Айдарбекова «Рухани жаңғыру» – ел болашағының жарқын айнасы», Тараздағы №60 орта мектептің мұғалімі Әсел Тілепова «Ұлттың ұлы арманы» тақырыбында баяндама жасады. Сондай-ақ Байзақ ауданы, Ы.Алтынсарин орта мектебінің директоры Қанатбек Байтен, Тараз қаласындағы №18 «Еркежан» балабақшасының меңгерушісі Шарапат Жұматаева, Тараздағы №1 гимназияның физика пәнінің мұғалімі Гүлмира Помашева сөз сөйлеп, білім ошағындағы мәдени-рухани шаралар рухани жаңғыру бағдарламасында көрініс тапқан міндеттерге сәйкес жүргізіліп жатқанын айтып өтті. Жиында «Қазақстанның 100 жаңа есімі», «Жаһандану әлеміндегі қазіргі қазақ мәдениеті», «Туған жер», «Қазақстанның сакралдық географиясы» бағыттары бойынша да атқарылып жатқан жұмыстар сөз болды.

Есет Досалы

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support