- Advertisement -

Ауыл шаруашылығын дамытуға тың серпін

188

- Advertisement -

Мемлекет басшысының биылғы «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Жолдауын мұқият оқып, танысып шықтым. Осынау құнды құжаттың маңызы да, мәні де зор, он міндеттің бәрі жаһандық бәсекелестікке қабілетті ел болуымыз үшін қолға алынуы тиіс игі шаралар деп ойлаймын. Әсіресе, онда барлық салаға жаңа технологияларды батыл енгізу мәселесіне басымдық берілгені қуантады. Біздің басты мақсатымыз – Елбасы алдымызға қойған міндеттерді орындап, барлық саланы цифрландыруды жүзеге асыру.

Бұдан бөлек, елімізді индустриялық-инновациялық дамыту күн тәртібінен түспек емес. Оның ішінде ауыл шаруашылығы саласының жаңа, әлеуетті мүмкіндіктерін іске қосу жайы да қарастырылған. Атап айтқанда, алдағы бес жыл ішінде агроөнеркәсіп кешеніндегі еңбек өнімділігін және өңделген ауыл шаруашылығы өнімінің экспортын кем дегенде 2,5 есеге арттыру міндеті алдымызға қойылып отыр. Бұл жөнінде Жолдаудың «Ақылды технологиялар» агроөнеркәсіп кешенін қарқынды дамыту мүмкіндігі» атты бөлімінде жан-жақты баяндалады.
Елбасы бұл тұрғыда «Аграрлық саясат еңбек өнімділігін түбегейлі арттыруға және өңделген өнімнің экспортын ұлғайтуға бағытталуы керек… Жаңа технологиялар мен бизнес-модельдерді енгізу, агроөнеркәсіп кешенінің ғылымға негізделуін арттыру шаруашылықтарды кооперациялау қажеттігін күшейтеді. Ауыл шаруашылығы субъектілерінің кооператив түрінде жұмыс істеуіне жан-жақты қолдау көрсетукерек. Мемлекет бизнеспен бірлесіп, отандық өнімді халықаралық нарыққа шығарудың стратегиялық жолын тауып, ілгерілетуге тиіс. Ауыл шаруашылығын қарқынды дамыту өнімнің сапасы мен экологиялық тазалығын сақтай отырып жүргізілуі қажет. Бұл бүкіл әлемге танылатын «Қазақстанда жасалған» табиғи азық-түлік брендін қалыптастырып, ілгерілетуге мүмкіндік береді. Сонымен қатар жерді барынша тиімді игеретіндерді ынталандырып, ал дұрыс пайдалана алмайтындарға шара қолдану керек. Тиімсіз субсидияларды ауыл шаруашылығы кешені субъектілеріне арналған банк несиелерін арзандатуға қайта бағыттау қажет» деп ерекше атап көрсеткен.
Осынау ауқымды тапсырмаларды жүзеге асыру – түптің түбінде салаға серпін берері анық. Сайып келгенде, тұрмыс-тіршілігімізбен біте қайнасып кеткен ата кәсібіміз – мал мен егін шаруашылығының екінші тынысын ашуына мол мүмкіндіктер қарастырылғаны ауылдық тауар өндірушілердің көңіліне зор сенім ұялатып отыр. Осындай жұмыстарды жүзеге асыру арқылы бұрын шикізат өндірумен шектеліп келген еліміз ендігі жерде ауыл шаруашылығы өнімдерін экспорттау барысында әлемге өз брендімен танылатын болады. Бұл істі жүзеге асыруға, шетелдік нарықтың сұранысы мен талабы үдесінен шығуға, отандық өнімдер өндірісін ғылыммен ұштастыра жүргізуге мемлекет тарапынан толыққанды қолдау көрсетілмек. Нақтырақ айтқанда, аграрлық ғылым мен білім ауыл шаруашылығы өндірісінің тиімді дамуының алғышарттарына айналатын болады.
Осынау маңызды да құнды құжат жүктейтін міндеттер еліміздің жаңа экономикалық мүмкіндіктерін айқындауға, әсіресе халықтың әлеуметтік-тұрмыстық жағдайын жақсартуға, ел келешегі кемел болуын қамтамасыз етуге бағытталғанына айқын көз жеткізіп отырмыз. Ендігі жерде ауыл шаруашылығы саласында шаруасын дөңгелентумен жүрген әрбір азамат Елбасы Жолдауын қолдап, ел экономикасы өркендеуіне жұмыла атсалысады деп сенеміз.

Сейітбек ДАРИЯБЕКОВ,
аудан әкімдігі ауыл шаруашылығы
бөлімінің басшысы

Сарысу ауданы

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support