- Advertisement -

Жамбылдық журналистердің жеңісі

109

- Advertisement -

Оңтүстік Қазақстан облысына қарасты Шардара аудандық дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы Арман Қарсыбаевтың ұйытқы болуымен БАҚ өкілдері арасында шағын футболдан журналистер мен блогерлер арасында турнир өтті.
Аталмыш додаға облыс атынан «Тараз» тілшілер құрамасы аттанып, жеңіспен оралды.
Топтық кезеңде қарсыластарын оңай ұтып желпінген жамбылдық журналистерді бұл күні ешкім де тоқтата алмады. Құрамында Нұржан Туғанбай, Нұрболат Сатымқұл сынды мықты­лар топтасқан әріптес­теріміз әр ойын сайын қарқынын үдете түсті.
– Жалпы алғанда бұл дода оңай болған жоқ. Барлық қатысушы командалар тегеурінді қарсылық танытты. Дегенмен үлкен дайындықтың арқасында жеңісті жорықты жалғастырдық. Ақтық сында ойынымыз жүріп сала берді. Әйтпесе «Оңтүстік» жігіттерімен топтық кезеңде кездесіп, 3:2 есебімен әрең жеңген едік. Ал финалда аталмыш құраманы 6:1 есебімен еркін ұттық, – дейді әріптестерін бастап барған спорт журналисі, ТИГУ-дің медиа­орталы­ғының жетекшісі Нұржан Туғанбай.
Осынау аламанда топ жарған әріптестеріміз 150 мың теңге ақшалай сыйлыққа ие болды. Сондай-ақ ақтық сында бес голдың авторы атанған Нұрмұхамед Мәулен үздік шабуыл­шыға берілетін сыйлықты қанжығасына байлады.
Шардарадан олжалы оралған әріптестерімізді облыс әкімдігі дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы қабылдап, құрмет көрсетті.

Әзиза Әзімбекқызы,
студент

Тараз – Шардара – Тараз

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support