- Advertisement -

Сан емес, сапа керек

97

- Advertisement -

«2017 жылдың қорытындысы бойынша өңірде дене шынықтыру және спортпен жүйелі түрде шұғылданушылардың қатары 319,6 мың адамды немесе 28,6 пайызды құрап отыр. Бұл – өткен жылғы көрсеткішпен салыстырғанда 1,9 пайызға артқан деген сөз. Ал 14-29 жас аралығындағы спортпен айналысатын жастардың қарасы 139,6 мың адамға жетті. Мұнда да өсу байқалады. Сондай-ақ дене мүмкіндігі шектеулі адамдардың да қатары көбейді. Спортқа әуес олардың саны 2814-ті құрап, алдыңғы жылға қарағанда 1193 адам жаңадан қатарға қосылды. Өткен жылы өңірде 3047 спорттық іс-шара ұйымдастырылып, 589,6 мыңнан астам адам тартылды. Қазіргі кезде спорттық нысандардың жалпы саны 643-ті құраса, жазықтағы құрылғылар мен басқа да 1464 спорт нысандары дене шынықтырумен айналысушылардың игілігіне қызмет көрсетуде.
Бүгінгі таңда облыста 45 спорт мекемесі жұмыс атқарады. Аталмыш спорт ордаларында 43 спорт түрі қамтылған. Оның 22-сі олимпиадалық спорт түріне телінсе, 12 олимпиадалық емес, 9 ұлттық спорт түрлері бар. Барлық спорт мекемелерінде 24065 спортшы, 900 оқытушы-жаттықтырушы еңбек етеді.
Өткен жылы өңір саңлақтары 1387 медаль иеленді. Оның ішінде әлем, Азия чемпионаттары мен кубоктік додаларда 242 медаль (104 алтын, 63 күміс және 45 қола), Қазақстан Республикасы біріншіліктері мен кубоктік сындарда 854 медальға (332 алтын, 248 күміс, 274 қола), халықаралық турнирлерде 291 медаль (141 алтын, 61 күміс, 89 қола) қанжығамызға байланды», – деген Нұрбол Жүнісбеков Жамбыл, Меркі аудандарының орталықтарында, Шу ауданының Төле би ауылына, Байзақ ауданының Түймекент елді мекеніне спорт кешендерін салу қажеттігі туындап отырғанын сөз етті.
Басқарма басшысының есепті баяндамасы аяқталған соң жарыссөзге шыққандар атқарған жұмыстар мен алдағы міндеттер жайында ой қозғады.
Жиынды қорытындылаған облыс әкімінің орынбасары Ерқанат Манжуов: «Әр спортшының, бапкердің паспорты болуы керек. Жұмыс жүйелі атқарылуы тиіс. Бір мықтыны тәрбиелеп алып, соның атағымен жиындарда, тойларда жүрген дұрыс емес. Балғындарды спортқа баулығанда оның қан қысымынан бастап, басқа параметрлерді қаперде ұстаған жөн. Әлжуаз ба, оны қинамайық. Денсаулығы сай жасөспірімдерді тәрбиелейік. Бізге жүйелі жұмыс, оң нәтиже керек. Ісі өнбегендермен қоштасатын сәт алыс емес», – деді.

Табиғат АБАИЛДАЕВ

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support